Жаңалықтар

Газ өңдеу зауытында болған өрттен тағы бір жұмысшы көз жұмды

Газ өңдеу зауытында болған өрттен тағы бір жұмысшы көз жұмды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 15.05.2023 15:00 863

Газ өңдеу зауытында болған өрттен тағы бір жұмысшы көз жұмды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккен 3 жұмысшы 2 мамырда санавиация арқылы Астана қаласындағы медициналық мекеме ауруханасына шұғыл түрде жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, екеуі жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігінен дүниеден озды. Қазіргі таңда бір науқас Астанадағы, тағы бірі Ақтөбедегі ауруханада ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты.

Болған жағдайға байланысты комиссия құрылды. Комиссия компаниялардың басшыларын, орындаушыларды жауапкершілікке тарта отырып, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өңірдің барлық мұнай өндіруші кәсіпорындарын тексереді. Сондай-ақ өңірде мұндай жағдайларға жол бермеу туралы жол картасы әзірленеді.

Бұған қоса, ҚР ҚК-нің 292-бабы («Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға