"Ғашықпын". Сара Амангелдінің орындауындағы Ғазизханның әні хитке айналды
Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі
23.11.2023 15:02
4283
Әнші, актриса Сара Амангелді Ғазизхан Шекербектің "Мен сені сағындым" әнін жоғары деңгейде орындап шықты. Әнші бұл әнгі өзінің ғашық екенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шынымды айтсам, бұл әнге өзім ғашықпын. Өзім ауырдым. Ғазизхан ағам маған рұқсатын берсе, айтқым келеді деп жүр едім. Бұл өзі сондай күшті ән, сондықтан Cover Show-ға шақырғанда бағым жанып, осы әнді таңдадым. Әр әнімді сараптап, ойланып, халыққа ұнамай қалмай ма деп әр әнімді жүректен шығарғым келеді, - дейді әнші Сара Амангелді.
Желі қолданушылары әннің қатты ұнағанын айтып, жарыса жазуда.
"Дауысының әдемісін-ай", "Қатты ұнады", "Ғазизханның әні ғой", "Сара талантты әнші", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға