Ғарышкер Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айдын Айымбетовтың жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.
Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.
Айдын Айымбетов – космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері, Қазақстан Халық Батыры, Қазақстан ӘӘК (ВВС) полковнигі, Қазақтан шыққан ғарышкер. 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

