Жаңалықтар

Ғарифолла Есімнің телевизиялық сұхбаттарындағы дүниетаным мәселелері

Ғалымның теле-радиодағы шығармашылығының ерекшелігі
Ғарифолла Есімнің телевизиялық сұхбаттарындағы дүниетаным мәселелері
16.09.2017 12:09 5077

Қазақ телевизиясының жарты ғасырлық тарихы бар. Заман өте келе кез келген қоғам өміріне белсенді араласуымен қатар әлеуметтік, саяси, мәденитанымдық үрдіске әсер ете алатын ықпалды құралға айналды. Қазақ журналистикасының теоретигтері М.Барманқұлов, С.Қозыбаев, Н.Омашев Қ.Тұрсынов, Б.Жақып сынды профессорлар зертеп келеді. Кейінгі лек А.Бейсенқұлов, М.Садықтарды атуға болады. Телевизияда арынды ақпарат қана болса, онда көрермен еріксіз қолына пүлтін алады да теледидарды өшіріп, интернетен ақпаратты өзі қарап, өзі синтез жасай бастайды.

Мұны демократиялық құндылықтардың бірі дейміз бе? Әлде дәстүрлі журналистиканың пәрменсіздігі дейміз бе?! Әрине толғанарлық мәселе. Ал ақпарат пен таным сабақтасқан жағдайда телевизияның көркемдік мәні ашылмақ. Көркем дүниенің көрермені қашанда көп. Көркемдік ол – өнер. Ал, өнер танымның ерекше бір түрі. Демек, тереңдік телеаранға да аса керек. Әрі оны ұстап тұрудың бірден бір тетігі.  Телевизия – адамзат тарихындағы қоғамға ықпал ете алатын аса пәрменді насихат құралы. Алайда, бүгінгі ақпараттық ғасырда телекөрерменнің талғамы да биіктей түсті. Қоғамды толғантып, көпшілікті ойландыра алатын телехабарылар тарата алмаған арналардың арты «іш киім» рекламасына толы «Мусорный ящик» болатынына көзіміз әбден жеткен акциома. Бүгінде қоғам өмірін, тыныс-тіршілігін бір сәт үйдегі көгілдір экран арқылы тамашалап, өз ақылыңызбен синтез жасауыңызға тележурналистика ғылымы көп аспектілі маңызы зор саланың біріне айналғаны шындық.

Қазіргі заманғы тележурналистика әлеуметке ықпал ететін, көрермендерге бағыт-бағдар беру емес, мемлекеттік идеологияның насихатшысына айналды. Ол аз десеңіз «бұлбұлы» болу белең алды. Бұл біздің тележурналистикадан азды-көпті түйген ой-тұжырымымыз. Ол ол ма, телеарналарда дүниетаным мен пәлсапалық-танымдық тақырыптардың кемшіл түсіп жататыны тағы  шындық. Біз осы олқылықтың орынын толтыруға ерен еңбек еткен публицист-ғалым Ғ.Есімнің телепублицистикасына аз-кем сөз шығындамақпыз. Тележурналистика саласындағы Ғ.Есімнің салиқалы сұхбаттарын талдап, жіктемес бұрын телесұхбат тақырыбына сәл тоқтала кетсек. Тележурналистиканың пайда болу үрдісі, жанрлары баспасөз бен радионы негізінде дамығаны рас. Ал, сұхбат тележуранлистиканың ең «жыртқыш» жанрларның бірі. Жанр дегеніміз – тарихи категория. Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңарып отырады. Сұхбат жанрын В.Ворошилов, М.Барманқұлов, Т.Қожекеев сынды ғалымдар зерттеді. Телесұхбаттың газет пен радиодағы сұхбаттан аса айырмашылығы жоқ деуге болады. Бірақ, телесұхбаттың ерекшелігі сұхбаттасушы мен респондент қалың көрерменмен диалог құрып отырғандай әсерде болады. Сұхбат – шындықтың қазаны дейтініміз содан. Сұхбаттың ашылуы – екеу аралық көзқарас пен таным өресіне байланысты. Сұхбат бұрынғыдай емес, қазір оның бетбейнесі өзгерді. К.Қамзинше айтсақ, «Сұхбат – бұл эксклюзивті жанр».  Пішіні мен мазмұны жағынан жетіле түскен секілді. Телесұхбатта ифрозивация телекөрермендердің назарын аударатын маңызды элементтердің бірі, ол сұхбат алушылының үлесіндегі дүние. Сондықтан да тікелей эфирде сұхбатхабар жүргізу – күрделі процесс. «Иә» немесе «жоқ» деп жауабы келте қайрылатын жауап, өзіне-өзі жауап беріп тұратын сұрақтар да болады, міне мұның бәрі телесұхбаттың, жалпы сұхбат жанрының күрделі жанр екендігін білдіреді. Сұхбаттың сәтті шығуы – жүргізуші еңбегінің жемісі дейміз, бірақ сұбат берушінің де маңызы аз емес.

Телевизияның теориясы мен тәжірибесін зерттеген Г.Кузнецовтің пікіріне сүйенсек, телевизиялық интервьюлер мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Яғни, хаттамалық, ақпараттық, интервью – портрет, проблемалық және интервью – анкета.  Немесе былай да жіктеуге болады. 

1. Хаттамалық

2. Ақпараттық

3. Сұхбат-портрет

4. Сұхбат-дискуссия

5. Сұхбат-сауалнама

Ретроспективалық сұхбат – өмірден өтіп кеткен қайраткер, танымал адамдардың еңбегі арқылы жасалатын сұхбат. Сұхбат жанры осындай түрлерге бөлініп түрлене беруі де сұхбаттың сан-салалы күрделі жанр екендігін тағы да дәлейлдей түседі.   Телевизияның ерекшеліктерінен, жанрларынан, функциялары мен ұстанымдары жайлы телехабардың құрылымы һәм тілі, стилі, көркемдігі, телесценарий,  бағдарлама даярлау, телехабар жүргізу - комментаторлық, модераторлық, дикторлық сынды шеберліктің алуан қырларын жіктеп  жазуға бір мақала аздық етеді. Сонықтан да телевизияның жанрларындағы атқаратын функциясын, формасын, пішінін бәрін толық емес, тек телесұхбат жанрының табиғатына шағын шолу жасап өтуді жөн көрдік.  

Телесұхбат бұл – пікір, көқарас әрі факті.  «Ақиқатқа жетудің жолы – диалог» депті Сократ хакім.  1964-1984 жылдар аралығында қазақтың танымал ақын, жазушы, ғалым, өнер қайраткерлерін телеэкранға шығарып, шығармашылық бейнелерін сомдаған «Сұхбат» бағдарламасы бүгін таспаға түскен тарих. Адамның жансарайына бойлап, оның болмысын ашу, оның қоғамдағы орынын, коғам өміріндегі көзқарасын анық байқау үшін қолданылатын сұхбат жанрының мәні ерекше. Бұл ең «жыртқыш» жанрлардың бірі екендігін жоғарыда айттық. Кез келген популицтің көзқарасы тайқып, шындықтан жалтара алмай қалатын сәтті форма. Адамның тілі өтірік айтқанымен түрі шындықты бүкпелей алмайды. Сондықтан телесұхбаттың ғажайыптарын айтып болмаспыз. Телесұхбат тікелей эфирде өбірген жағадайда кез келген адам өзінің ішінде бұғып жатқан құпиясын боямасыз айтып береді. Кезінде Кеңес үкіметі «сұхбат» жанрындағы бағадарламаларға шектеу қойғандығы сондықтан.

Телесұхбат диалогтық бағдарлама бейнелеуіш құралдардың барлық спектрі, мысалы, семантикалық, лексикалық-стильдік, пролингвистикалық және экстралингвистикалық факторлардың барлығы қолданылады. Цензура қатайған кезде кез келген елде тікелей эфирдегі сұхбаттар жоғала бастайды. Бұл адамзат тарихынан белгілі. Себебі, әр елдің БАҚ өкілдерінің көбі идеологияның жыршысына айналып кетеді. Мұндай бағадарламаға, бұрынғы «Сұхбат» Сұлтан Оразалы жүргізген «Сұхбат», «Қазақстан» телеарнасындағы «Күлтөбе» телебағдарламасы, «Хабар» аранасындағы «Бетбе-бет», Қасым Аманжол жүргізетін «Шыңның жүзі», қазіргі Қазақстан Ұлттық арнасындағы «Сіз недейсіз?», «Сыр-сұхбат», «Астана» арнасындағы Әйгерім Сейдолла жүргізетін «Сырласу», «24 кз» телеарнасындағы «Сұхбат» т.б телесұхбаттар қазақ телевизиясына біршама сұхбат жанрын әр қырынан байта түсті десек артық болмас. Шоу бағадарламалардың ішінде «Түңгі студияда Нұрлан Қоянбевтың» да өзіндік ерекшелігі бар телесұхбаттардың бірі. Н.Қоянбаевтың сұхбаттасу стилі ерекше. Юмор. Әсіресе, шетелдік қонақтарды сөйлете білуі шебер. Ресейлік атақты Владимир Познер мен американдық Ларри Кингті әлемдегі ең беделді сұхбат алушы ретінде таниды. Мен осы екі адамнан Нұрлан Қоянбаевты бір мысқал кем деп ойламаймын.  Біз жоғарда жалпы сұхбат жанры жайында өз таным түсінігімізді теориялық һәм практикалық негіздерін атап өттік. Соның ішінде телесұхбатқа екпін түсіре айттық. Себебі, біз атап өткен телесұхбат бағадарламалардың біразында Академик Ғарифолла Есімнің өзіндік үні бартын. Осы ретте ғалымның жеке архивіндегі (видео) материалдарды пайдаландық. Сұхбаттардың барлығына тоқталып жатуды жөн көрмедік. Сондықтан маңызды деген біраз сұхбатарындағы тілдік, стилдік  ерекшеліктер мен кейбір айырықша детальдерге тоқтала кетуді дұрыс деп ұйғардық.  

Ғ.Есімге қойылған кез келген сұхбатындағы астарлы да сақ сауалдарға салиқалы жауаптарынан философиялық толғаныс, дүнитанымдық ізденістер байқауға болады. Телесұхбатта журналист пен респондент басты рөл атқаратыны белгілі. Өйткені, онда миллион көздің қарап отырғандығы мәлім.  Респондент сол миллионмен диалогтасып отырады. Сұхбат жақсы шығу  үшін ол сөз болып отырған тақырыпты респонденттен де артық білген, алған мағлұматы мол болуға тиіс. Жалпы сұхбат берушілер де талқыланатын тақырыпты терең білетін журналистермен қатынасқанды жөн көреді. Олардың арасындағы сұрақ пен жауап тергеу ісіне ұқсамағаны абзал. Пубицистканы үлкен үш топқа болып қарастырамыз. Ақпараттық, талдамалы және көрем публицистика деп. Ал сұхбат жанрында осы үш бөлігінің де элементі бар секілді. Себебі, білімдар адамдардың арасындағы терең талқылау, түсінікті сараптама –  талдау сипатында болады. Бір жағынан қарасаңыз әңгіме-дүкенге ұқсас. Ал, әңгіме сөйлесудің ең көркем формасы. Көркемдік элемент бар. Сұхбатта факты да жүреді. Ақпаратық элемент те бар. Демек, пулблицистканың «әмбебап» жанрларының бірі екенді анық. 

Ғ.Есімнің респонденттік шеберлігіне қарап, оның құрылымдық лингвистика және нейролингвистиканы да жақсы меңгергендігі даусыз. Сөйлем құрауында сөздердің орын алмасуы немесе сөздің дәлдігінен алыстайтын көптеген синонимдердің тізбегін кездестірмедік. Ғ.Есім осы жүйенің белді өкілі екендігі көрініп тұр, бірақ саясаткер әрі ғылым ретінде пәлсапалық сарында жауап қайырады.  Жоғарыда сұхбаттың ішінен мазмұны жағынан бірнеше топтарға бөліп қарастырдық. Мысалы, соның ішінде пікір қайшылығы мен ой көкпардың бәсекеге түсіп қалатын сұхбаттты да атап өткенбіз. «Хабар» телеарнасының «Жекпе-жек» бағадарламасындағы діни һәм дүиетанымдық тақырыптың дискуссияға түсуіне тоқталсақ. «Хабар» телеарнасының «Жекпе-жек» бағадарламасына теолог-ғалым Қайрат Жолдыбайұлы академик, философ-ғалым, Ғарифолла Есімді «Наурызды тойлау» тақырыбына сай көтерген мәселесіне сай тікелей ел алдын да сұхбаттасуға, пікір-сайысқа яғни «Жекпе-жекке» шақырды.  «Қазақ қастер тұтқан Қыдыр ата мен Ұмай ананы мереке атрибуттарына айналдыру ұсынысы қаншалықты дұрыс?» деген тақырыптың басты өзегі болды. Қазір айнала толған мақтау мен мадақ немесе даттау жала! Әділ сын жоқ. Бүгінгі сын жеке басытың дауы, өнер үшін айтылып жатқан сын жоқ. Ал, рухани ортада бір жақсы түсінік бар ол нақты айтар ой бар, қоғамға керегі бар дүиені ашық айтудің бір формасы соған деген жақты ашық алаңға шақыру. Мысалы, сопылық бағытты ұстанатын дін ғалымдары соңғы жылдары елімізге дендеп кіріп келе жатқан салафиттік бағытты ашық диалогқа шақырды. Осы кезде салафиттік бағыттан ләм-мим жауап болмады. Керісінше, олар дін таласын басқа бағытта жасап әуелгі оқырманды пұшайман хәлге түсіргені сізбен бізге белгілі. Осындай тұста Ғарифолла мен Қайраттың жекпе-жекке шығып, ашық диалогтасуы бұл екі ғалымның да қоғам алдындағы ұпайын түгендей түсті. Екі тараптың пікірі қайшы. Бұл өмір заңдылығы.

Жер бетіндегі жеті млрд. адамда жеті млрд. көзқарас бар. Ал пікірдің қайшылығы бұл ғылым үшін пайдалы. Ол сол зерттелген тақырыптың жетілу жолы. «Жекпе-жек» барысында екі ғалымда өз тұжырымдарын, ой-пікірін ортаға тастады. Бұл жерде біз үшінші жақтан сөйлегендіктен мына ғалымның пікірі дұрыс деп біреуін жығып беруге біздің құқымыз жоқ. Ол көрерменнің көкейінде шайқалып уақыт өте келе берілетін баға.  Осы бағадарлама барысында біз Ғарифолла Есімнің бір тамаша мінезін айта кетікіміз келеді. Ол тағы да Ғ.Есімнің эстетикалық һәм этикалық ұстанымы. Дискусия қанша қызғанымен қызды қыздымен қызыл кеңірдектену, өз пікірін басқаға таңу секілді амбициясы байқалмайды, эмоциясына берік, екінші жақтың пікіріне деген құрметі ғалымның этикасы – эфирге ерекше әр беріп тұрғандай көрінеді. Бұл бір «Жекпе-жек» бағадарламасы. Аталмыш бағадарлмамада дүниетнымдық тақырыптар кеңінен толғанды. Наурыз, Құт ұғымы, Қыдыр ата т.б тақырыбын философиялық қырынан талдаса, ғалым Қайрат Жолдыбай бұл тақырыптарды исламдағы тәпсірлермен тақырыпты аша түсті.  «24 кз» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы. Бағдарлама қонағы – көрнекті жазушы, философ-ғалым, академик, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім. Бағдарламаның осы санында бірлік тақырыбы арқау болды. Кей сұрақ адресатқа нақты қойылмағандығы да рас.

Ғалым осы сұхбат барысында Қазақстанға қазір ең керегі тыныштық пен бірлік керектігін айтты. Тыныштық шектен шығып сілтідей тынып, арты ұйқыға ұласқан тыныштық болмаса, осы бір кезеңде аздаған тыныштықтың керек екендігі де рас. Ғ.Есім пәлсафашы, екінші экс-сенатор сондықтан сұхбат алушы журналистің кей сұрақтары арық түсіп жатқандығы сәл қынжылтты. «Мәңгілік ел» идеясының тамыры терең, бабалардың санасында жақталып бүгінгі ұрақтың қанымен жеткен араман. Түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының пайымдауынша  дұрысы – «Мәңгі ел» екен. Елтеріс қағанның үлкен ұлы Білге қаған мен кіші ұлы алып Түрік қағанатының бас қолбасшысы Күлтегіннің құрметіне қойылған ұстын таста (ескерткіш тас) Түркінің шайыры Йолығтегін «Мөнх  ел [Мөңкі ел]» деп тасқа қашап қалдырғаны анық. Бірақ, мұның онша қателігі бар деп айтуға да келмес. Бүгінгі тілдік лекциконға негіздеп «Мәңгілік ел» деп ұлттық идеяға айналдырдық. Бастысы идеяның болуы. Бұл идея – Түркінің қағандары мен баһадүр бабалардың мәңгі араманы. Жалпы осы жерде бір тамаша ой байқауға болады. «Мәңгілік ел» деген сөздің өзі – елшілдіктің нышанын білдеретін сөз!  Мөде, Бумын, Естеми, Елтерістей қағандар, Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке хандар, Тоныкөк, Қорқыт, Асан қайғыдай абыздар, Майқы, Төле, Қазыбек, Әйтекедей кемеңгер билер, Күлтегін, Едіге, Қабанбай, Бөгенбайлардың арманы еді бұл азаттық.  Бұл идея. Бүгін міне, қазақ халқы азат. Басында ботандықтаң қамыты жоқ. Материяны қайдам, идеяның мәңгілік өмір сүретіні шындық. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға