Гандбол: жасөспірімдеріміз Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді
21.10.2025 15:52
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.
Бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.
Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін олар Гонконг құрамасын ұтқан болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

