Жаңалықтар

Ғалымдар мен сарапшылар Қазақстандағы ғылымның даму барысын талқылады

Ғалымдар мен сарапшылар Қазақстандағы ғылымның даму барысын талқылады
Фото: instagram.com/satbayev_university 12.04.2023 15:30 1334

Алматыда «Ғылым және технологиялар: идеядан бастап, өндіріске енгізуге дейін» (Сәтбаев оқулары-2023) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 сәуір – Қазақстанның ғылым қызметкерлері күніне орай Сәтбаев Университетінде Қазақстанның негізгі салаларын инновациялық жетілдіру мәселесі бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстанның және әлемнің бірнеше елінен ғалымдармен қатар еліміздегі өндіріс орындары мен жалпы ғылыми ортаның жетекші сарапшылары қатысты. Конференция мынадай үш панельді сессия бойынша өтті: технологиялық жетістіктер: тәжірибе мен кейстар; өнеркәсіп елдің экономикалық дамуының драйвері ретінде: ғылыммен байланысу нүктелері; бизнестегі IT.

Ғалымдар мен сарапшылар Қазақстандағы ғылымның даму барысын талқылады

Талқылауға ірі өндіріс орындарының, бизнес құрылымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Панельдік сессиялардан кейін студенттер мен жас ғалымдар мынадай 6 негізгі тақырып бойынша секциялық отырыстарда өз жұмыстарын көрсете алды: Қазақстанда тау-кен металлургия кешенін дамытудың ғылыми-инновациялық концепциясы; негізгі секторларды шынайы өмірде трансформациялаудың мүмкіндіктері мен сындары; елімізде машина жасау және энергетика саласын дамытудың инновациялық үдерістері; компьютерлік ғылымдар, инженерия және ақпараттық технологиялар: теориядан қосымшаға қарай; азаматтық және көліктік ғимараттар құрылысында инновациялық технологияларды меңгеру және оларды практикаға енгізу; әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдарды дамытудың заманауи үдерістері.

Ғалымдар мен сарапшылар Қазақстандағы ғылымның даму барысын талқылады

Конференция барысында қатысушылар өздерінің білімдерімен, тәжірибелерімен және ғылыми-тәжірибелік зерттеулердің озық тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ өз салаларындағы әртүрлі мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын белгіледі.

Талқылаулар мен пікірталастар қатысушыларға экономикалық дамудың әртүрлі тәсілдері мен стратегияларын зерттеуге және қолданбалы ғылымдағы ынтымақтастық пен инвестицияның жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Осы шара жөнінде Сәтбаев Университеті Қоғаммен байланыс орталығының директоры Мадина Балғабаева былай деп қорытты:

«Шараға қатысушылар бүгін көтерілген тақырыптардың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде әлемдік нарықтың жаңа шындығында Қазақстан экономикасының қиындықтары мен мүмкіндіктерін де талқылады. Конференцияда сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы инновациялық даму үрдістері атап көрсетіліп, энергетика мен тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және машина жасау, ақпараттық технологиялар және жобаларды басқару салаларында инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне көбірек көңіл бөлінді», - деп атап өтті.

Айта кетейік, конференцияны ҚР-ның Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Сәтбаев Университеті бірлесіп ұйымдастырды, Қазақстан үшін бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларындағы инновациялар мен прогреске деген ұмтылыстың айғағы бола алады.

Ғалымдар мен сарапшылар Қазақстандағы ғылымның даму барысын талқылады

Конференцияны ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіре отырып, жиын барысында жасалған тұжырымдар мен идеялар Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына септігін тигізетініне кәміл сенім білдірді.

Фотолар Satbayev University-ден алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға