pexels

Ғалымдар адам өмірін екі есе қысқартатын сезімді атады

28.07.2025 09:22

Дат ғалымдарының жаңа зерттеуі бойынша, өте ауыр қайғы сезімі адамның өмірін айтарлықтай қысқартуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Зерттеу нәтижесінде жақын адамынан айырылған соң терең қайғы шеккен адамдардың он жыл ішінде ерте өлімге ұшырау қаупі екі есе жоғары екені анықталған. Бұл көрсеткіш қайғыны жеңілдеу өткерген адамдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Біз ауыр қайғы симптомдары мен жүрек-қан тамырлары аурулары арасындағы тікелей байланысты анықтадық, – деді Орхус университетінің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі маманы, зерттеу авторы доктор Метте Кьергор Нильсен.

Оның айтуынша, терең қайғыны бастан кешірген адамдарда психикалық денсаулық мәселелері мен өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары да жиі кездеседі. Сонымен қатар, зерттеуде көрсетілгендей, мұндай ауыр қайғыны бастан өткерген азаматтардың көбі бұл қайғылы оқиғаға дейін-ақ психологиялық көмек алып жүрген.

Доктор Нильсен жалпы практика дәрігерлеріне мұндай науқастарға ерекше назар аударып, оларды дер кезінде арнайы психологиялық көмекке жіберуге кеңес береді. Бұл — ауыр қайғының салдарын азайтып, адам өмірін ұзартудың маңызды тетіктерінің бірі.

Бұған дейін аяқты айқастырып отырудың зияны туралы жазған едік.