©Pixabay.com

Ғалымдар 800 мың жыл бұрын пайда болған жерасты тұщы су көлін тапты

28.10.2025 10:41

Грек ғалымдары Жерорта теңізі қойнауында шамамен 800 мың жылдық тарихы бар жерасты тұщы су көлін тапты. Бұл туралы AMNA басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Мальта мен Италия зерттеушілері анықтағандай, мұз дәуірлеріндегі теңіз деңгейінің күрт төмендеуі жаңбыр және өзен суларының теңіз түбіндегі шөгінділерге сіңуіне мүмкіндік берген. Сол сулардың бір бөлігі бүгінгі күнге дейін сақталып қалған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұл көл Коринф шығанағының астында, теңіз түбінен шамамен 20 метрден 600-700 метрге дейін тереңдікте орналасқан.

Ғалымдар бұл жаңалыққа жоғары сапалы сейсмикалық зерттеу мен гидрогеологиялық модельдеуді біріктіретін кешенді ғылыми тәсілдің арқасында қол жеткізген. Осы әдіс арқылы олар жерасты суларының шоғырланған аймақтарын және олардың миллиондаған жыл бойғы қозғалыс бағытын анықтай алды.

AMNA агенттігінің мәліметінше, Грекия мен жалпы Жерорта теңізі елдері су тапшылығы мәселесіне жиі ұшырайды. Сондықтан мұндай зерттеулер мен жерасты су жүйелерін картаға түсіру мемлекетке табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және жер қойнауының жағдайын жақсырақ түсінуге көмектеседі.