Ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты
Жапония ұзақ өмір сүру көрсеткіші бойынша әлемдік көшбасшы ретінде мәртебесін кезекті мәрте растады: елде жасы 100-ден асқан жүз мыңға жуық адам тіркелген. Ал ұзақ ғұмыр феноменінің сырын Джордж Мейсон университетінің Жүйелік биология мектебінің профессоры, биолог Анча Баранова түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әдетте бұл құбылыс «көк аймақтармен» – яғни ұзақ жасайтын адамдар көп шоғырланған өңірлермен, мысалы, Окинава немесе Сардиниямен байланыстырылады. Алайда статистикаға сүйенсек, жасы жүзден асқан тұрғындардың үлесі бойынша абсолютті рекорд орнатқан өңір Окинава емес, Симанэ префектурасы болып шықты. Бұған қоса, «көк аймақтардың» екеуі АҚШ-та орналасқан, бұл ұзақ өмір сүру үшін міндетті түрде аралдық табиғи орта қажет деген теорияны жоққа шығарады.
Баранованың айтуынша, ұзақ өмір сүруге ықпал ететін екі негізгі фактор бар. Оның біріншісі – генетика. Бұл – туа бітті және бақылауға келмейтін фактор.
Ал әлдеқайда маңызды әрі басқаруға болатын екінші фактор – әлеуметтік байланыстар.
Барлық «көк аймақтарда» ұзақ жасағандар жалғызбастылар емес, керісінше, тұрақты түрде араласып тұратын жақын ортасы бар адамдар болды. Олар туыстарымен, таныстарымен күн сайын дерлік жиі сөйлесіп, қоғамнан шет қалмаған. Яғни, ұзақ ғұмыр иелері қоғамға жақсы интеграцияланған адамдар еді, – деді ғалым.

