Ғалым Нұғыман Манаевтың туғанына 130 жыл толды
17.09.2024 09:04
Фото:
t.me/madenietaqparat
Бүгін ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың туғанына 130 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаламгер «Садақ» атты қазақ оқушыларының қолжазба журналын ұйымдастырып, қосымша редакторы болды. «Айқап» журналында мақалалары, 1915 жылы «Аяқталмаған романнан үзінді» көркем туындысы жарияланды.
Кейін туған ауылында ұстаздық етіп, «Талап» мектебінің негізін салды. Болашақ мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырды.
Жазушының Шәңгерей Бөкеев өлеңдері, Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы жайлы зерттеулері – ұлттық әдебиеттану ғылымын дамытуға қосқан сүбелі үлесі болды.
Сондай-ақ қаламгер 1934 жылы Шәңгерейдің өлеңдер жинағын жеке кітап етіп бастырып, алғы сөзін, өмірбаянын, түсініктерін жазған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

