30 Қараша 2017, 11:09

Ғалым Арыстанбаев

Полиция сержанты, көпбалалы жəне үлгілі отағасы, 11 бала тəрбиелеп отыр. Өсіріп отырған 6 ұл, 5 қыздың сегізі – балалар үйінен асырап алған əртүрлі ұлт өкілдері (қазақ, əзірбайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар). Отбасы өз тəрбиесіне бірден əртүрлі жастағы  балаларды алған. Ол жұбайымен бірге отбасылық үлгідегі шағын балалар үйін ашты. Негізінен балалар тəрбиесімен мамандығы бойынша педагог полицейдің жұбайы айналысады. Қазір ол жұмысын тастап, өзін толығымен отбасына арнап отыр. Ал Ғалым Арыстанбаев көп жылдар бойы Отанына адал қызмет етіп келеді. Айта кету керек, отбасындағы ауызбірліктің арқасында Арыстанбаевтар «Мерейлі отбасы» конкурсында бірінші орынға ие болды. Үш кезеңнен тұрған конкурс барысында үздік атағын иелену үшін 44 отбасы сайысқа түсті. Полицей мен оның жұбайы мұнымен тоқтап қалғысы келмейді, өздерінің шағын балалар үйін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Бөлісу: