Жаңалықтар

«Ғалам аруы-2023» байқауының қатысушысы қазақстандықтарға алғыс айтты

«Ғалам аруы-2023» байқауының қатысушысы қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: Instagram.com/ss.tomiris_ 20.11.2023 04:26 719

Қазақстан атынан «Ғалам аруы-2023» байқауында бақ сынаған Томирис Заир отандастарына алғысын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 жастағы бойжеткен сұлулық байқауында қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tomiris Zair (@ss.tomiris_)

Қазақстан, қолдауға рахмет! Мен сені жақсы көремін. Бұл өте үлкен тәжірибе және мұндай ауқымды жобада ел атынан өнер көрсетуге берілген мүмкіндік! Әрқайсысыңызға рахмет! Сенім үшін, қолдау және махаббат үшін рахмет! Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қыздармен таныстып, өзге елдердің мәдениеті туралы сәл де болсын біле түстім, - деп жазды ол Instagram-да.

Томирис өзгелерді армандаудан қорықпауға шақырды.

Өз-өзіңізді көрсетуден, армандаудан, өз әлеуетіңізді көрсетуден қорықпаңыздар! Өз қалағанымызға қол жеткізуге лайықпыз, - деді ол.

Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехо сенбі күні кешке Сальвадорда өткен 72-халықаралық «Ғалам аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Шейнис Паласиос «Әлем аруы» атағын жеңіп алған Никарагуадан шыққан алғашқы әйел атанды. Екінші орынды Таиланд өкілі 27 жастағы Аннтония Порсильд иеленді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tomiris Zair (@ss.tomiris_)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға