Жаңалықтар

Ғабидолла Оспанқұлов СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Ғабидолла Оспанқұлов СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: Сыртқы істер министрлігі 23.02.2024 21:01 815

Ғабидолла Оспанқұлов Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Комитеттің жаңа төрағасы 1981 жылы 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін және Бирмингем университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Еуразия Консалтинг» ЖШС-те заңгердің көмекшісі ретінде бастаған. 2002 жылдан 2010 жылға дейін Парламент Сенатында және ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2010-2019 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің және Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылы «NurOtan» партиясының хатшысы болды. Ал 2019 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

2021-2024 жылдар аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін Премьер-министр кеңесшісі болған.

Ағылшын тілін меңгерген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға