Футзалдан Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды
"Қайрат" футзал клубы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финалда Алматы клубы Рудныйдың "Аят" клубынан басым түсті. Таразда өткен ойын 4:2 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді.
Жеңімпаздар сапында Денер хет-трик авторы атанса, тағы бір голды Педро өз еншісіне жазды. Рудныйлықтардан Евгений Козырчиков пен Леандриньо мергендік танытты.
Осылайша "Қайрат" осымен сегізінші рет осы атаққа қол жеткізіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 3-7 қыркүйек аралығында ел Кубогының алдын ала кезеңінің ойындары басталады.
24-25 қыркүйекте ел чемпионатының 1-2-туры өтеді. Онда "Қайрат", "Жетісу", "Ақтөбе", "Каспий", "Семей", "Атырау", "Астана", "Ордабасы", "Бәйтерек", "Аят", "Рахмет", "Қарағанды" клубтары өнер көрсетеді.