Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасақталды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасақталды
Фото: instagram.com/kakafutsalcoach 08.09.2023 21:53 1029

2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасақталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас бапкер қызметін Кака лақап атымен танымал бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигуэра Силва атқарады. Ол құрамада 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жуырда онымен келісімшарт тағы екі жылға ұзартылды.

Жақында ғана карьерасын аяқтаған 33 жастағы Дәурен Нұрғожин бас бапкер көмекшісі болады.

Команданың физикалық даярлығына 45 жастағы бразилиялық Вендель Луиз Бастос Э Силва жауапты. Ол биылғы маусымда «Семей» клубының бапкерлер штабына енген.

Қақпашылармен 39 жастағы құраманың бұрынғы ойыншысы Григорий Шамро жұмыс істейді.

Қазақстанның бапкерлер құрамы:

Бас бапкер – Кака

Бас бапкердің көмекшісі – Дәурен Нұрғожин

Дене даярлығы – Вендель Э Сильва

Қақпашылар бапкері – Григорий Шамро. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға