Футзалдан Қазақстан құрамасы Ереван қаласына жетті
11.03.2025 06:28
Фото:
Футбол федерациясы
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения астанасы Ереван қаласына аман-есен жетті. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, ұлттық құрама 12 наурыз күні Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясында Армениямен ойнайды. Матч АФФ академиясында сағат 20.00-де басталады.
Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу үшін біздің командаға тек жеңіс керек.

