Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде 6-орынға жайғасты
24.12.2023 03:30
Фото:
kff.kz
Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде 6-орынға жайғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдегі ең беделді Futsal Planet порталының рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 6-орынға ие болды.
Бұған дейін Пауло Рикардо Кака шәкірттері 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 6 ойында 6 жеңіске жетіп Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен алдағы жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында жолдастық кездесу өткізеді.

