Футзалдан ел кубогының жеңімпазы анықталды
24.03.2025 11:36
Фото:
instagram.com/fcsemey
«Семей» футзал клубы Алматының «Қайратынан» басым түсіп, Қазақстан кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Семей» финалда «Қайратты» 5:1 есебімен жеңіп, өз тарихында Алматы ұжымынан ең ірі есеп айырмасымен басым түсті.
Бұл кездесуде Кайо Торрес дубль авторы атанып қана қоймай, екі нәтижелі пас берді, сол арқылы финалдың MVP ойыншысы атанды.
«СЕМЕЙ» - «ҚАЙРАТ» - 5:1.
1:0 — Кайо Торрес
2:0 — Дедезиньо
3:0 — Кайо Торрес
4:0 — Кандидо
4:1 — Денер
5:1 — Дәрібай
Айта кетейік, «Семей» қазіргі Қазақстан чемпионы, клуб былтырғы маусым финалында «Қайратты» 3:1 есебімен ұтқан.
Биылғы маусымда әзірге «Қайрат» көш бастап келеді, ал «Семей» екінші орында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

