Футзал: «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасында жеңіліс тапты
Қазақстандық «Қайрат» және «Семей» футзал командалары UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші турда қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматылық «Қайрат» клубы төртінші топтағы екінші ойынын португалиялық «Спортинг» командасына қарсы өткізді. Ойын барысында қазақстандық клуб екі гол соғып, бірақ қарсыласқа жеті гол жіберіп алды. Нәтижесінде кездесу 2:7 есебімен аяқталды.
Бұған дейін «Қайрат» клубы Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңген болатын. Қос ұжым үшінші кездесуін 1 қараша күні «Приштина» (Косово) клубына қарсы өткізеді.
Ал «Семей» болса екінші ойынында француздың «Этуаль» командасынан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Семейлік ұжым үшінші кездесуін 1 қарашада Испанияның «Пальма» клубына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, «Семей» футзал клубы бұған дейін Чехияның «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген болатын.

