Футболшы Георгий Жуков Қазақстан құрамасына шақыртылуы мүмкін
15.08.2023 22:37
Фото:
instagram.com/georgyzhukov10
Қытайдың "Цанчжоу" клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Қазақстан құрамасына оралуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан футбол федерациясы мен құраманың бапкер штабы Жуковты қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақыру жағын қарастырып жатыр.
Былтыр ол құрамаға Қытайдағы карантинге байланысты келе алмайтынын айтқан. Осыдан соң Магомед Адиев былай деген:
Ол құраманы өзінің карантинінен де төмен қойды.
Футболшының сөзі бапкердің ашуын келтірсе керек, оны бір де бір ойынға шақырған жоқ.
Дегенмен Жуков ұлттық құрамаға оралуға дайын секілді. Федерация басшылығы мен бапкерлер осы мәселе жағын талқылайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

