Әлеуметтік желі

Футболшы Дастан Сәтпаевтың жарақаты ауыр болуы мүмкін

Қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев қосымша медициналық тексерістен өту үшін бүгін Катар астанасы Дохаға аттанады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

17 жастағы шабуылшы бұған дейін жарақатына байланысты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатыса алмады.

«Қайрат» клубының мәліметінше, ойыншы дәрігерлердің кеңесімен толыққанды тексерістен өтеді. Оның қалпына келу барысына қатысты ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Клуб өкілдері Сәтпаевқа тез сауығып, алаңға қайта оралуына тілектестік білдірді.