Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ
31.05.2024 10:44
779
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті.
ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды.
Айта кетейік, Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін 2022 жылдың сәуір айында ұстаған еді. Ол соңғы кездері Шешенстанның «Ахмат» клубын қоса жаттықтырып жүрді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде 20 жастағы ер адам суға батып кетті