Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 04.11.2023 12:27 922

Бүгін елордада футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілте жасап. 

Кездесу елорда уақытымен 16.00-де Астана қаласындағы «Астана-арена» стадионында өткізіледі. Финалда Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары кездеседі. Биыл шымкенттік клуб ел чемпионы атанса, қостанайлық команда сегізінші орынды місе тұтты.

Финалға дейін «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтаралын» (1:2, 4:1), Петропавлдың «Қызылжарын» (2:0, 0:1), елордалық «Астананы» (0:1, 2:0) орта жолда қалдырып кетті.
Ал «Тобыл» Павлодар облысының «Ақсу» (1:2, 2:0), Қарағандының «Шахтер» (0:1, 2:0), «Атырау» (1:0, 1:0) командаларын жеңді.

Айта кетсек, Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.

Ал «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» - 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) - 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) - 1 мәртеден кубок иегері атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға