instagram.com/5sergiob

Футболдан әлем чемпионы карьерасын аяқтайды

27.09.2025 06:13

Футболдан Испания құрамасының сапында әлем және Еуропа чемпионы атанған Серхио Бускетс кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Кәсіби футболшы ретінде мансабыммен қоштасатын уақыт келгенін сезіп отырмын. Соңғы 20 жылға жуық уақыт ішінде ғажайып тарихтың бір бөлшегі болдым. Карьерамды мақтанышпен, толыққанды сезіммен және ең бастысы – алғыс сезімімен аяқтаймын, – деді Бускетс.

37 жастағы жартылай қорғаушы – «Барселонаның» түлегі. Ол каталондық клуб сапында 2006 жылдан 2023 жылға дейін ойнады. Осы аралықта тоғыз мәрте Испания чемпионы атанып, жеті рет ел кубогы мен суперкубогын иеленді. Үш рет Чемпиондар лигасында топ жарып, үш рет клубтық әлем чемпиондығын және үш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sergio Busquets (@5sergiob)

2023 жылы Бускетс АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысып, командасымен бірге Лига кубогын және MLS-тің тұрақты чемпионатын жеңіп алды.

Испания құрамасы сапында Бускетс 2010 жылы әлем чемпионы, 2012 жылы Еуропа чемпионы атанды. Сондай-ақ ол Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Ұлттар лигасының күміс жүлдегері, Конфедерациялар кубогының күміс және қола жүлдегері болды.