unsplash.com

Футболдан әлем чемпионаты: 2026 жылғы турнирдің басты ерекшелігі туралы не білеміз

11.01.2026 11:16

Биыл футболдан өтетін әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды турнир болмақ. Бұл жолы турнирді өткізу үшін АҚШ, Мексика және Канада елдері бірігіп отыр.

Сонымен бірге, Канада алғаш рет әлем чемпионатын қабылдайды. Ал АҚШ бұл турнирді 1994 жылы ұйымдастырған. Мексика болса үшінші рет мұндай мәртебеге ие болып отыр (1970 және 1986 жылдардан кейін).

Турнир 11 маусымда матч ашылуымен басталып, топтық кезең 27 маусымға дейін созылады. Ал плей-офф 28 маусымда басталып, 19 шілдеде финал ойыны өтеді. Осылайша, чемпионат 39 күнге созылады, ал алдыңғы турнирлер максимум 32 күндік болған.

Мачт қай қалаларда өтеді?

2026 жылғы чемпионат 16 қала мен стадионда өтеді. Оның ішінде 11 АҚШ-қа, 3 Мексика мен 2 Канадаға тиесілі. АҚШ-та матчтар Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк, Филадельфия, Сан-Франциско және Сиэтлде өтеді. Мексикада - Гвадалахара, Монтеррей және Мехико, ал Канадада - Торонто мен Ванкувер қалалары қабылдайды. Турнирдің бір ғана астанасы ретінде Мехико аталып отыр. 

Әлем чемпионатының басты өзгерісі туралы не білеміз?

2026 жылы чемпионатқа алғаш рет 48 ұлттық құрама қатыспақ. Бұрын 32 команда ғана ойнаған, және соңғы өзгеріс 1998 жылғы чемпионатта енгізілген болатын. Жаңа форматта 12 топқа бөлінген 4 командалық топтар ойнайды. Топтан шыққан екі үздік команда тікелей плей-оффқа өтсе, топтағы үшінші орын иелері арасынан 8 үздік команда қосымша жолдаманы алады. Осылайша плей-оффқа 32 команда шығады. 

Плей-оффқа шығу үшін жаңа жүйе бойынша 1/16 финал енгізіледі. Үздік командалар ФИФА рейтингіне сәйкес бөлінеді. Мысалы, Испания мен Аргентина сияқты бірінші және екінші орын алған командалар турнирдің теннис принципімен орналасып, финалға дейін бір-бірімен кездеспейтіндей етіп құрылымданады. Кейбір командалар, мысалы, Испания мен Франция, ертерек кездесуі мүмкін.

Мундиальда рекордтық матч саны тіркеледі

Чемпионатта жалпы 104 ойын өтеді. Жаңа форматта командалар бұрынғыдан бір ойынға көбірек өткізіп, плей-офф кезеңінде 1/16 финал арқылы шығады. Бұрынғы турнирлерде финалға жету үшін командалар 7 матч қана ойнаған, ал енді плей-оффта қосымша ойындар бар.

Қазірге дейін жеребе бойынша 42 команда белгілі, ал қалған 6 команда 2026 жылғы көктемде өтетін қосымша ойында анықталады. Еуропада төрт орын үшін 16 үміткер бақ сынайды. Бұған Уэльс, Босния және Герцеговина, Италия, Солтүстік Ирландия, Украина, Швеция, Польша, Албания, Словакия, Косово, Түркия, Румыния, Чехия, Ирландия, Дания және Солтүстік Македония кіреді. Сондай-ақ, ДР Конго, Ирак, Боливия, Суринам, Жаңа Каледония және Ямайка командалары межконтиненталды жолдаманы анықтайды.

Турнирге алғаш қатысатын командалар қатарына Өзбекстан, Иордания, Кабо-Верде және Кюрасао кіреді. Бұл чемпионат футбол тарихында жаңашылдық болып, бұрынғыдан көп команданы, ойын санын және жаңа форматтағы плей-оффты қамтиды.

Турнир фавориті кімдер?

Ал фавориттер жағынан 2025 жылы басты үміткерлер қатарында Испания, Франция және Бразилия болған. Дегенмен, қазіргі деректер бойынша Испания мен Франция басты претенденттер болып саналады. Ал ағымдағы чемпион Аргентина бесінші орынға шыққан. Турнирдің үй иелері АҚШ әзірге 14-орынға бағаланған.