Жаңалықтар

Футбол маусымы ашық деп жарияланады!

1 наурыз күні Қазақстан суперкубогы үшін ел чемпионы «Астана» (2014) мен Қазақстан кубогының иегері «Қайрат» (2014) командасы кездесті. «Астана-аренада» 90 минут емес, 120 минут бойы бірін-бірі ала алмай, соңғы демі қалғанша жанталасты.
02.03.2015 07:11 3040

1 наурыз күні Қазақстан суперкубогы үшін ел чемпионы «Астана» (2014) мен Қазақстан кубогының иегері «Қайрат» (2014) командасы кездесті. «Астана-аренада» 90 минут емес, 120 минут бойы бірін-бірі ала алмай, соңғы демі қалғанша жанталасты.

Футбол маусымы ашық деп жарияланады!

Бұл матч маусым аралық үзілістен кейінгі ойын екендігін ескерсек, екі команда ойыншылары да әлі бабына келе қоймапты. Ойынның алғашқы таймы сүреңсіз өткені де содан, жылдамдық, дәлдік, дер кезінде шешім қабылдау, пас беру, пас қабылдау сияқты футболдың негізгі элементтері дұрыс орындалмай жатты. Бірақ, ойыншылар аздап ет қыздырып алған соң екінші таймда алма-кезек шабуылдар жасап, жиналған жанкүйерге ерекше ойын сыйлауға кірісті.

«Қайрат» футбол клубына өткен жылы 60 жыл толды. Осыған орай алматылық команда жанкүйерлеріне жүлде сыйлап, оның қатарын суперкубокпен толтырғысы келді. Ал, тұңғыш рет ел чемпионы атанған Астана командасы да бірінші рет суперкубок иеленуге күш салды. Сондықтан, жанкүйер үшін емес, нәтиже үшін ойнағаны түсінікті.

Матчтың негізгі уақытында да таблодағы 0:0 есебі өзгерген жоқ. Қосымша уақытта да қос команда қақпаларынан саңылау таба алмады. Матчтан кейінгі пенальти сериясында «Астана» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

"Астана-Қайрат" матчын тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысып, жеңімпаз командаға суперкубокты өзі табыстады. 

Матч соңында қос команда бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

«Қайрат» футбол командасының бас бапкері Владимир Вайсс:

– Суперкубокты уысымыздан шығарып алғанымыз өте өкінішті.  Барлығын кездесу соңындағы пенальти шешті. Ал пенальти бұл лоторея. Сондықтан өз-өзімізді осылай жұбатуымызға тура келеді. Команда капитаны Бауыржан Исламханның жарақат алғаныда көңілімізді құлазытты. Ең бастысы жақсы ойын болды. Жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Барлықтарыңызды футбол маусымының басталуымен құттықтаймын. Келесі жексенбіде бізді өте маңызды кездесу күтіп тұр. Алматыда  Қазақстан чемпионатының бірінші турында Тобыл командасымен ойнаймыз. Сәтсіздігімізді тез ұмытып,  сол ойынға енді тыңғылықты дайындалуымыз керек.

«Астана» бапкері Станимир Стойлов:

– Жаңа маусымды сәтті бастадық. Бүгінгі ойында пенальти болып қалатын шығар деп болжаған едік. Алдын-ала дайындадық. Бірақ басында біз ойлағандай бәрі сәтті болмады. Пенальти тебуде қателескен ойыншылар болды. Бастысы жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.  Бүгінгі матчта Таңат Нөсербаевтың ойнамағаны ойынға өз әсерін тигізбей қоймады. Шабуылшылар өзіне артылған міндетті толықтай пайдалана алмай жатты.  Бастысы жеңіске жеттік!
Футбол маусымы ашық деп жарияланады!

«Астана» — «Кайрат» 0:0, пен. 3:2
Пенальти: Дарабаев (қақпашы) — 0:0, Шомко (қақпадан биік кетті) — 0:0, Маркович (қақпашы) — 0:0, Аничич — 1:0, Риера — 1:1, Каньяс — 2:1, Плиев (қақпа бағанасы) — 2:1, Конысбаев (қақпашы) — 2:1, Рудосельский — 2:2, Кетевоама (қақпа бағанасы) — 2:2, Калинин (қақпашы) — 2:2, Бейсебеков — 3:2
«Астана»: Эрич, Максимович, Постников, Родионов (Жуков 65), Кетевоама, Аничич, Каньяс, Шомко, Твумаси (Щеткин 98), Бейсебеков, Джолчиев (Конысбаев 71)
«Қайрат»: Плотников, Куантаев, Рудосельский, Маркович, Плиев, Гурман, Бакаев, Исаэль (Дарабаев 80), Исламхан (Калинин 97), Риера, Гоу (Сисей 80)
Төреші: Йонас Эрикссон (Швеция)

Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға