Футбол: «Тобыл» ойыншысы «Астанаға» ауысты
12.07.2023 00:28
Фото:
instagram.com/fctobol
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Александр Марочкин елордалық «Астана» сапын толықтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана» футбол клубынан мәлім еткеніндей, А.Марочкин кәсіпқой мансабын 2012 жылы «Іле-Сәулеттен» бастаған.
Александр Марочкин «Қайсар», «Оқжетпес», «Тобыл» командаларында доп тепті.
Футболшы Қазақстан құрамасы сапында 34 кездесу өткізді. 32 жастағы қорғаушы «Астана» сапында 22 нөмірмен өнер көрсететін болады.
Биылғы маусымда А.Марочкин «Тобыл» құрамында премьер-лигада 14 матчта бір нәтижелі пас берді.
Астаналықтар 12 шілде күні өз алаңында Еуропа чемпиондар лигасында алғашқы кездесуін «Динамо» (Тбилиси) командасымен өткізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

