Футбол: «Тобыл» «Дерри Сити» командасын жеңді
10.08.2023 22:39
Фото:
instagram.com/fctobol
Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Командалар кездесу басынан тартысты ойын өткізді. Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Қостанайлық клуб футболшыларының белсенділігі байқалып тұрды. Десе де, бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде де командалар белсенділігі арта түсті. «Тобыл» тарапынан есеп ашатын көптеген мүмкіндік болды. Ойынның 68-минутында қостанайлық клубтан Роман Асранкулов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

