©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Футбол тарихындағы ең қымбат 15 трансфер

Бразилиялық футболшы Неймардың 2017 жылы «Барселонадан» «Пари Сен-Жерменге» (ПСЖ) ауысуының жалпы құны 342,8 миллион еуро болған. TransferRoom мәліметінше, бұл – инфляцияны ескергендегі футбол тарихындағы ең қымбат трансфер, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Екінші орында – француз Килиан Мбаппенің 2018 жылы «Монакодан» ПСЖ-ға ауысуы, оның құны 263,3 миллион еуро деп бағаланған.

Үздік үштікті Усман Дембеле түйіндейді: ол 2017 жылы дортмундтық «Боруссиядан» «Барселонаға» өткен. Инфляциямен есептегенде бұл трансфердің құны 228,6 миллион еуро болған.

Ал үздік бестікте тағы екі жұлдыз бар:

Филиппе Коутиньоның «Ливерпульден» «Барселонаға» ауысуы (197,5 млн еуро);

Джек Грилиштің «Астон Вилладан» «Манчестер Ситиге» ауысуы (175,2 млн еуро).

2025 жылдың ең қымбат трансфері – Александер Исактың «Ньюкаслдан» «Ливерпульге» 140 миллион еуроға сатылуы. Бұл келісім тарихтағы ең қымбат 12-трансфер ретінде тіркелген.