Футбол: Премьер-лига командалары біріншілігінің жеңімпазы қашан анықталады
28.09.2023 04:04
Фото:
El.kz/Артем Чурсинов
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің кейінге қалдырылған 15 және 18-тур ойындары өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары 15-турдың кейінге қалдырылған ойынында 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ал елордалық «Астана» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 5:2 есебімен қапы қалдырды.
Сондай-ақ Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Түркістан облысының «Мақтаралын» 1:0 есебімен сүріндірді.
Қазір турнир кестесінде «Ордабасы» 52, «Астана» 49 ұпай жинап, бір-бірімен қатарлас тұр. Бас жүлде тағдыры осы екі команда арасында алдағы үш турда шешілуі мүмкін.
Енді 24-тур ойындары 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өткізіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

