Футбол: Еліміздің еурокубоктағы қарсыластары белгілі болды
25.07.2023 04:11
Фото:
instagram.com/fctobol
Қазақстандық клубтардың UEFA Конференция лигасы үшінші сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл еліміздің атынан Конференция лигасында «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе» және «Ордабасы» (Шымкент) командалары сынға түседі.
Конференция лигасы үшінші сатысында «Тобыл» «Дерри Сити» (Ирландия) және КуПС (Финляндия), «Ақтөбе» ЦСКА София (Болгария) және «Сепси» (Румыния), «Ордабасы» Аустрия» (Австрия) және «Борац» (Босния и Герцеговина) жұбының жеңімпаздарымен кездесуі мүмкін.
Одан бұрын қазақстандық командалар екінші іріктеу сатысынан өтуі тиіс. Жарыстың аталған сатысында «Тобыл» Швейцарияның «Базель», «Ақтөбе» Грузияның «Торпедо Кутаиси», «Ордабасы» Польшаның «Легия» клубтарымен ойнайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

