Жаңалықтар

Футбол әлеміндегі 30 жастан асқан қымбат ойыншылар тізімі

Футбол әлеміндегі 30 жастан асқан қымбат ойыншылар тізімі
Фото: фотоколлаж El.kz 22.01.2024 13:30 1208

Харри Кейн Бундеслигада биыл алғашқы маусымын өткізіп жатыр. Жаңа чемпионатқа келгелі бері белсенділігін төмендетпеді. «Баварияның» бас бапкері Томас Тухель де ағылшын шабуылшысына үлкен сенім білдіріп, негізгі құрамға қояды.

Қазіргі таңда Харри биылғы жылдың «алтын доп» сыйлығына иегер болуға үміткерлердің бірі. Бірақ, ескеретін болсақ, Кейн 30 жастан асқан футболшылардың қатарына кіреді. Футбол әлеміндегі өлшем бірлікпен қарасақ, 30 жастан асқаннан кейін көп ойыншылар мансабын аяқтауды ойлайды. Алайда, орда бұзғаннан кейін, екінші тынысы ашылып, жанкүйерлерді таңғалдыратын таңғажайып футболшылар да кездеседі.

El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі transfermarket ұсынған тізім бойынша 30 жастан асқан футбол әлеміндегі ең қымбат ойыншыларды  назарларыңызға ұсынады.

Спортшылар тізімі:

  1. Харри Кейн «Бавария» - 110 млн (30 жас)
  2. Мохаммед Салах «Ливерпуль» - 65 млн (31 жас)
  3. Кевин де Брюйне «Манчестер Сити» - 60 млн (32 жас)
  4. Сон Хын Мин «Тоттенхэм» - 50 млн (31 жас)
  5. Неймар «Аль-Хилял» - 45 млн (31 жас)
  6. Эдерсон «Манчестер Сити» - 40 млн (30 жас)
  7. Фабиньо «Аль-Иттихад» - 35 млн (30 жас)
  8. Ян Облак «Атлетико Мадрид» - 35 млн (31 жас)
  9. Тибо Куртуа «Реал Мадрид» - 35 млн (31 жас)
  10. Ромелу Лукаку «Рома» - 35 млн (30 жас)
  11. Марк Андре Тер Штеген «Барселона» - 35 млн (31 жас)
  12. Лионель Месси «Интер Майями» - 35 млн (36 жас)
  13. Вирджил ван Дейк «Ливерпуль» - 32 млн (32 жас)
  14. Алиссон «Ливерпуль» - 32 млн (31 жас)
  15. Давид Алаба «Реал Мадрид» - 30 млн (31 жас)
  16. Каземиро «Манчестер Юнайтед» - 30 млн (31 жас)
  • Харри Кейн - 100 миллион еуродан қымбат бағаланған 30-дан асқан жалғыз футболшы.
  • Жоғарыдағы тізімде басқа чемпионаттармен салыстырғанда АПЛ-де өнер көрсететін ойыншылар көп (7 футболшы).
  • Тізімдегі ең жасы үлкен футболшы – Лионель Месси (36 жас)

Футбол әлеміндегі 30 жастан асқан қымбат ойыншылар тізімі
Фото: sport24.ru

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға