Фристайл-могул: қазақстандық спортшы үш дүркін әлем чемпионы атанды
08.01.2025 16:03
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол параллельді могулда үздік атанды. Ақтық сында Городко америкалық Риз Чапделайнді жеңді.
Қола жүлдеге Эбби Макларнон (АҚШ) ие болды.
Бұған қоса, бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде иеленді: параллельді могулда жеңіске жетіп, жекелей есепте және аралас командалық сында екінші орын алды. Сондай-ақ, 2024 жылғы әлем чемпионатында ол могул бойынша бірінші, ал параллельді могулда екінші орын алған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

