Фристайл-могул: Павел Колмаков әлем чемпионатын сәтті бастады
19.03.2025 03:15
Фото:
ҚР ҰОК
Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионатының ерлер арасындағы жарысында іріктеу кезеңі өтті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іріктеу кезеңіне Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысты. Алайда тек Павел Колмаков қана іріктеуден өтіп, 16-нәтиже көрсетті.
Антон Бондарев 25-орынға, Максим Емельянов 27-орынға, ал Федор Бугаков 30-орынға ие болды.
Айта кетейік, негізгі жарысқа тек алғашқы 20 спортшы ғана өтті.
Бұған дейін Юлия Галышева мен Анастасия Городко да сәтті өнер көрсетіп, іріктеуден өткен болатын.
Жүлделер 19 наурызда сарапқа салынады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

