Фристайл-акробатика: Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады
15.02.2022 10:46
Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық спортшы іріктеу қорытындысы бойынша фристайл-акробатикадан бірінші финалға өтіп, ТОП-12 спортшының қатарына енген болатын.
Өкінішке қарай, финалда Ақмаржан іріктеудегі нәтижесін қайталай алған жоқ. Алғашқы мүмкіндігінде секіру элементтерін орындап, жерге түскенде құлап қалған болатын. Төрешілер 52.36 ұпай берді.
Екінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 71.23 ұпай алып, жалпы есепте 11-і орынға табан тіреді.
baq.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

