Жаңалықтар

Фрилансер

Адамдардың басым бөлігі фрилансты жұмыстың ең керемет түрі деп есептейді. Қашан, қайда жұмыс істейтініңді өзің таңдайсың.
27.08.2014 12:59 4997

Фрилансер

Адамдардың басым бөлігі фрилансты жұмыстың ең керемет түрі деп есептейді. Қашан, қайда жұмыс істейтініңді өзің таңдайсың. Өзіне-өзі ие болады, бастық керек жоқ. Бұл әрине шындық, бірақ бұл оның жартысы ғана. Қалай ғана тұрақты жұмысты, уақытша әрекетке ауыстаруға болады? Фрилансқа кеткенде қиыншылық тумай ма? Кез келген адам бір жақта жұмыс істегеннен жалығады. Қандай жақсы маман болса да. Жобалар әр түрлі болады. Алайда жұмыстың мәнісі бір болып қала бермек. Уақыт өткен сайын жұмыстан шаршай бастайсың. Сол себепті тұрақты жұмыстан кетуге тура келеді.

Фрилансерлердің басым бөлігі, әрекеттерін еркіндік деп есептемейді. Себебі, тапсырыс беруші сенің жаңа бастығына айналады. Бірақ, менен қызмет алушы ол бастық емес. Тек әріптесім. Фриланс – еркіндіктің шынайылығы. Бірақ қуануға әлі де ерте. Бірнеше қиыншылықтары да бар. Қаржының тұрақсыздығы, жобалардың тым көп болуы, әлеуметтік сақтандырудың жоқтығы. Төменде фриланстан алатын нәрселер:

  • өмірге деген барлық жауапкершілікті өзіңі аласын;
  • қайда, қанша, қалай жұмыс істеуді таңдау еркі;
  • қанша демалуды таңдайсын;
  • шынайы істелінге жұмысқа ғана ақша аласын. Фрилансер тек уақыт өткізгені ғана үшін ақша алмайды.
  • көп қозғалудан қаласын;
  • адамдармен сөйлесу азайып кетеді;
  • достарға артық уақыт табу өз қолыңда;
  • жан-жақты бағытта дамуға тура келеді;
  • бюджетті жоспарлау мен клиенттерді іздеумен өзің айналысасын;
  • адамдармен сөйлесіп үйрену керек;
  • таныс адамдар саны арта береді;
  • дамудан қалсаң, бәсекелестік сені жеп қояды;
  • жауапкершілік пен пунктуалдық сенің синониміне айналуы керек;
  • қаншалықты креативті, дарынды және белсенді болуыңа байланысты айлық аласын.

Фрилансердің басым уақыты клиент іздеумен өтеді. Жаңадан фрилансер болғандарға биржаға баруды ұсынады. Бірақ онда асығудың қажеті жоқ. Себебі, онда өзіндік жасырын заңдары бар. Ол жерде керекті көлемді, ақшасы жақсы жұмыс табу қиын. Тек ел ішіндегі ғана емес, шетелдегі фрилансерлермен де бәсекелестікке түсуге тура келеді. Жұмыс іздеу үшін ең тиімді құрал – әлеуметтік желілер. Керекті аудиторияны тауып алып, жұмыс іздеуге кірісе беруге болады. Фрилансер үшін ең маңызды дүние – өзіне ат жасап алу керек. Ол үшін сен туралы пікірлерді жинақтау керек. Және бәрі ойлағандай, фрилансерлердің барлығы көп ақша таба бермейді, барлығы жұмыс сапасы мен уақытына байланысты. Еркіндікті талап ету дұрыс, бірақ ол жұмыстың өнімділігі мен көлеміне әсер етпеуі керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға