Жаңалықтар

Францияда 45 мың полицей тәртіпті қамтамасыз етуде

Францияда 45 мың полицей тәртіпті қамтамасыз етуде
Фото: ©AP/Christophe ENA 03.07.2023 10:07 950

Франция Ішкі істер министрі Жеральд Дарманин елдегі тәртіпті қаматамасыз ету үшін үш тәуліктен бері 45 мың полицей жұмылдырылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ басшысы жексенбі күні жиналыс өткізіп, оның нәтижесімен полицейлердің үлкен күшімен тәртіп сақтауды жалғастыру шешімі қабылданды.

Осы кездесу барысында ішкі істер министрі «қатаңдық» туралы бұйрықты қайталап, тәртіп бұзушыларды қамауға алу «неғұрлым жылдам» жүргізіліп отыруын талап етті.

Бұған дейін ІІМ басшысы Ж.Дарманин «келесі жолы полицейге немесе жандармға біреу тиіссе, ол іздеп-табылатынын және қатаң жауапқа тартылатыныні» мәлімдеді.

Еске салайық, Францияда наразылықтар өткен аптаның басында Алжир тумасы 17 жастағы Нахель Мерзукті полиция қызметкері атып өлтіргеннен кейін басталды. Жас жігіттің өлімі Францияның маргиналды қауымдастықтарындағы полиция жұмысы туралы пікірталасты қайта жандандырып, нәсілдік қатынас кісі өлтіру факторына айналды ма деген сұрақтар туғызды.

Елдің Ішкі істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, 700-ден астам адам қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға