Францияда 16 жастағы велошабандоз жарыс кезінде көз жұмды
09.09.2025 01:28
Фото:
Freddi Guerin/Directvelo
Францияның батысындағы Курсемон қаласында өткен веложарыста 16 жастағы Ноа Сартис мәреге санаулы шақырым қалғанда кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Le Parisien-ге сілтеме жасағай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас спортшының жүрегі тоқтап қалған. Ол жолда құлап түскен, дәрігерлер жедел көмек көрсеткенімен, өмірін сақтап қала алмады.
Ұйымдастырушылар жасөспірімдер арасындағы (17 жасқа дейін) жарыстан кейін өтуі тиіс ересектер арасындағы веложарысты тоқтатты.
Ноа Сартис – әуесқой велошабандоздың ұлы. Тамыз айында ол Франция чемпионатына қатысып, жеке старттағы жарыста 13-орын, шосседегі жарыста 99-орын иеленген еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

