Франция Президенті желі парақшасында қазақ тілінде жазба қалдырды
Эмманюэль Макрон Х парақшасында қазақ тілінде жазба қалдырды. Франция Президенті бұл жазбасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомартпен болған әңгімесі туралы жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мен жаңа ғана Қазақстан Президенті @TokayevKZ мырзамен әңгімелестім. Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық. Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді де қарастырдық,-деп жазды Франция басшысы.
Еске салсақ, біз бұған дейін Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлескені туралы жаздық.

