Жаңалықтар

Франция билігі ер адамдарға көлік айдауды әйелдерден үйренуге кеңес берді

Франция билігі ер адамдарға көлік айдауды әйелдерден үйренуге кеңес берді
Фото: Коллаж El.kz 17.05.2024 16:39 753

Франция билігі мен Victimes & Citoyens жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауымдастығымен бірігіп осындай бастама көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар «жолда аман қалу үшін ерлер көлікті әйелдер секілді жүргізуі керек» деп санайды. Нақтырағы, рульге отырғанда сақтық шараларын сақтап, тәуекел етуден аулақ болу керек. Қауымдастық бұл апатты жағдайдың алдын алып, жолда қаза табатын адам санын азайтады деп сенеді.

Мамандардың пайымынша, әйелдердің басты кемшілігі – жолдағы жағдай кенет өзгергенде сасқалақтап қалатындығында. Яғни экстремалды жағдайда ер азаматтар дұрыс шешімді жылдамырақ қабылдайды. Сөйте тұра Францияда адам өлімімен аяқталған жол апаттарының 84%-ына ер азаматтар кінәлі болған. Апаттан ауыр жарақат алғандардың (75 %) да, мас болып көлік тізгіндегендердің (93 %) де басым бөлігі ер адамдар.

Әйелдер қауымы жол ережесін сирек бұзады, өліммен аяқталатын оқыс оқиғаларға ұшырау ықтималдығы (22%) сегіз есе аз, - делінген мәліметте.

Францияда әйел жүргізушілердің саны жалпы көлік тізгіндегендердің 42%-ын құрайды, олар орта есеппен жылына 11 200 шақырым жол жүреді, ал ерлер шамамен 12 500 шақырым сапар шегеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға