Жаңалықтар

Франшизаның кемшіліктері мен артықшылықтары

Франчайзинг – бұл бренд пен бизнес-жүйесін сатудағы табыс табу әдісі.
03.08.2015 05:22 20483

Франшизаның кемшіліктері мен артықшылықтарыФраншизаның кемшіліктері мен артықшылықтары

Нарық заманында тауар өндіруші ірі компаниялар өздерінің тауарларын сатудың жаңа әдісін пайдаланады. Олар өздеріндегі дайын бизнес тұжырымдаманы сату арқылы, сатып алушыға сол аймақта фирманың тұжырымдамасын қолдана отырып, бизнесті іске асыруына мүмкіндік береді. Бұл жүйе франчайзинг деп аталады. «Франчайзинг» термині француз тілінен аударғанда «franchise» - жеңілдік, артықшылық деген мағынаны білдіреді. Сонымен, франчайзинг дегеніміз - айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі.

Қорыта айтқанда, франчайзинг – бұл бренд пен бизнес-жүйесін сатудағы табыс табу әдісі. Бұл жердегі «франчайзер» – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын иесі, ал «франчайзи» – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, фирманың тұжырымдамасын сатып алушы.

Барлық франчайзингтік мәмілелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:

1. Тауарлық франчайзинг;

2. Өндірістік франчайзинг;

3. Іскерлік франчайзинг;

Тауарлық франчайзингте – франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығына ие болу арқылы өз бизнесін жүргізеді. Франчайзер өз өнімін франчайзиға сатады, ал франчайзи өз ретінде тек қана франчайзердің өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек.

Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды  пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз.

Іскерлік франчайзинг —  жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда — саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.

Енді, франшизаның артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық.

Франшиза ұсынудың кемшіліктері:

  • Франчайзер барлық пайданы өзіне иемдене алмайды;
  • Франчайзиді үнемі бақылап отыру қиынға соғады. Франчайзердің тауар белгісімен тұтынушыға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасы сәйкес болмаса, франчайзердің тауар белгісіне нұсқан келеді;
  • Егер франчайзи істі адал жүргізбесе, франчайзер ұсынып отырған тауардың ноу-хауы, яғни жаңашылдығын кетіріп алады;

Франшиза алудың артықшылықтары:

  • Дайын франчайзингтік пакет. Бұл франчайзинг шарты, сауда белгісінің сипаты, франчайзингке арналған қағидалар, франчайзиді қолдану тәсілдері және т.б.
  • Франчайздер жергілікті нарықты біледі және жергілікті әкімшіліктің қолдауына ие бола алады;
  • Франчайздер жеке бизнесті дамытады, сондықтан жалдамалы басқарушыларға қарағанда табанды жұмыс істейді;
  • Бизнесті жүргізудің сәтті технологиясы.

Өзге бизнес-модельдер сияқты франчайзинг те кемшіліктер мен артықшылықтарға ие. Жаңа бизнесіңізді бастамас бұрын оның барлық «кемшін» және «артық» тұстарын бағалаған жөн. Сондықтан, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, әрбір іске кіріспес бұрын мұқият зерделеңіз.

 Дайындаған: Нұрмақова Қаламқас 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға