Жаңалықтар

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 04.10.2023 15:30 2048

Елордада «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш фестивалге Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» Астана қаласы Білім басқармасы қолдау білдірді.

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

«AstauFest-2023» халықаралық аспаздар күні мерекесін атап өту мақсатында ұйымдастырылды және аспаз, кондитер, даяшы мамандығын жетілдіруге, жалпы жоғары кәсіби асхана шеберлігін насихаттауға, мейрамхана бизнесін дамытуға бағытталған.

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Астана қаласы әкімдігі «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің» директоры Зәуре Қылышбаева оқу орнының Қазақстан бойынша ең үздік колледждердің қатарына кіретінін айтты.

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Аспаздар фестивалі дәстүрлі түрде 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. «AstauFest-2023» фестивалінің ерекшелігі «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің» 40 жылдығымен тұспа-тұс келгендігінде. Шараға қатысуға 132 қатысушы ниет білдірді. Оның ішінде шет мемлекеттен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қауым бар, - деді директор.

Фестивалге Өзбекстан аспаздар Ассоциациясының, Анталия қаласының Тағам және қонақ үй бизнесі колледжі, Екатеринбург қаласының сауда-экономикалық техникумы, Қазан қаласындағы Халықаралық сервис колледжінің өкілдері, республиканың Орал, Көкшетау, Теміртау және басқа қалалардың оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысып жатыр.

«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің» 1-курс студенті Бегалы Жүнісов фестиваль керемет өтіп жатқанын айтады.

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фестивалге арнайы бір күн бұрын ұннан жасалған нан тамақтарын әзірледік. Оны дайындау бізге өте оңай болды. Бірақ мұндай ауқымды фестивалге бірінші рет қатысып жатқандықтан біраз қобалжып жүрміз. Бірақ бізде бәрі дұрыс, ұстазымыз қасымызда, - деді студент.

Ал Донер Маликов фестивалге сарапшы ретінде қатысу үшін арнайы Өзбекстаннан келген.

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Түркия, Қырғызстан, Қазақстанда өткен түрлі сайыстарға қатысып көргенмін. Осы жолы Қазақстанға 2-ші рет келіп отырмын. Мен бүгінгі фестивалге кішігірім палау әзірледім. Біз оны негізі түрлі мерейтойда дайындаймыз. Ертең сайыстың нәтижелері шығады. Содан өз еліме 6 қазан күні қайтамын, - деді ол.

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фоторепортаж: «AstauFest-2023» IV Халықаралық фестивалі

Фестиваль шеңберінде конкурстық бағдарлама және конференция, байқаулар, шеберлік сыныптары, тренингтер ұйымдастырылды. Сайыстың соңында студенттердің қатарынан «Бас аспаз-2023» иегері анықталады. Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталады. Конкурстың нәтижесі 5 қазан күні белгілі болмақ. Ал оған іріктеу кезеңін отандық және шетелдік сарапшылар өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға