Жаңалықтар

FlyArystan ұшағының кешігуі жолаушының жүйкесіне тиді

FlyArystan ұшағының кешігуі жолаушының жүйкесіне тиді
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 15.01.2025 18:37 107

14 қаңтарда Алматы – Астана бағыты бойынша FS 7057 рейсінің жолаушысы Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушы рейс уақытынан 30 минут бұрын тіркеу бағанына келіп, рейске тіркелгенін растағаннан кейін, тексеру аймағына бағытталды. Алайда жеткіліксіз уақыт қалуына байланысты жолаушы рейске отырғызуға үлгермей қалған.

Осы ретте, рейске отырғызу ұшу уақытына 30 минут қалғанда басталатынын және осы уақытта барлық жолаушылардың гейтте болуы қажет екенін еске саламыз. Осыдан кейін жолаушы тіркеу аймағына қайта оралып, тексеру аймағына бағыт көрсеткен қызметкерге қатысты агрессивті мінез-құлық көрсете бастады. Оқиға барысында ол қызметкердің жеке мобильді телефонын лақтырып, беті мен ішіне соққы жасады және сөзбен қорқытуды жалғастырды. Бұл агрессиялық әрекет бейнекамераларда және куәгерлердің мәлімдемесімен расталған, – дейді компания өкілдері. 

FlyArystan компаниясы қызметкерлеріне және басқа жолаушыларға қатысты күш көрсету, қорқыту және қорлау әрекеттеріне төзімділік көрсетпеу саясатын ұстанатынын айтады.

Агрессивті немесе тәртіпке сай келмейтін мінез-құлық танытатын жолаушылар мұндай әрекеттер заңды және әуекомпаниясының ішкі ережелерін бұзатынын, бұл ұшудың қауіпсіздігіне, оның ішінде ұшуға дейінгі дайындық процесіне қауіп төндіретінін түсінуі қажет. Деструктивті мінез-құлық көрсеткен жолаушы қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әуекомпания өз қауіпсіздік саясаты шеңберінде тиісті әрекеттерді, оның ішінде «қара тізімге» енгізу сияқты шараларды дербес түрде қолдану құқығын сақтайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға