Жаңалықтар

«FlyArystan» дербес әуекомпанияға айналды – көлік вице-министрі

«FlyArystan» дербес әуекомпанияға айналды – көлік вице-министрі
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 03.04.2024 17:41 617

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бүгін Сенаттың кулуарында «FlyArystan» әуекомпаниясының Air Astana-дан біржола бөлініп шыққанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше (2024 жылдың 3 сәуір күні) FlyArystan пайдаланушының жеке сертификатын алды, сәйкесінше ол жеке тәуелсіз компания болып табылады. Нақтылайтын болсам, компания «Air Astana» компаниясының 100 пайыз еншілесі болып қала береді, - деді Талғат Ластаев.

Айта кетейік, ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі кеше ғана Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясын сертификаттаудың барлық 5 кезеңін аяқтағанын мәлімдеген болатын. FlyArystan сертификаттау үдерісін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлары Ирландияның авиациялық билігі өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта жүргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға