2025 жылдың 23 ақпанында, Астана – Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт әуекомпанияның бортсеріктері тарапынан жедел сөндірілді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі, - делінген ақпаратта.
Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі қолжетімді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

