Жаңалықтар

Фируза Шарипова жайлы 10 қызықты дерек

Кәсіпқой бокстағы көрікті қыз
Фируза Шарипова жайлы 10 қызықты дерек
10.04.2017 08:30 3471

Майк Тайсонның жаттықтырушысы Фируза Шариповаға ұсыныс жасаған. Әрине, қолы мен жүрегін емес. Тайсонның бапкері қазақстандық боксшы қызды кәсіпқой бокстан әлем чемпионы еткісі келеді. Бұл бойжеткен еліміздегі әдемі спортшы қыздардың үздігі. Қазақстандық сұлуға әлем БАҚ-тары да назар аударып жүр. Кәсіпқой бокстың көрікті қызы туралы 10 қызықты дерек ұсынбақпыз.

Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстағы алғашқы қыз. Фируза – 22 жаста, ұлты – өзбек, Тараз қаласында туып-өскен. Профи-рингте 5 кездесу өткізіп, оның алғашқысында жеңіліс тапқан. Соңғы жекпе-жегі 7 сәуір күні Мәскеу қаласында өткен болатын. Шарипова ресейлік Котованы алғашқы минутта-ақ нокаутқа түсірді.

Шарипова боксқа кездейсоқ келген. Велоспорт оның алғашқы спорттық үйірмесі еді. Бұл үйірме жабылып қалған соң, болашақ чемпион бокс залына кіріп, сонда ұзаққа қалып қойды. Ол еліміздің 4 дүркін чемпионы, Азия біріншілігінде қола алған.

 Шарипованың күйеуі – Денис Рыбак та кезінде бокспен шұғылданған. Олар Тараз қаласында танысқан. Денис жарының спортпен кәсіби айналысқанына еш қарсылық білдірмейді екен. Боксшы қыздың өзі сүйіктісінен тапқан қолдауын жиі айтып жүреді.

Фируза «Игра перестолов» телесериалының жетінші маусымының түсіріліміне қатысқысы келген. Шарипованың сүйікті кейіпкері – Дейенерис Таргариен — Кхалиси және айдаһар анасы. Спортшының ойынша, өзіне Дейенеристің жеке күзетшісінің рөлі көбірек келеді.

The Sun британдық таблоид қазақстандық алғашқы кәсіпқой боксшы туралы былай деп жазады: «Фируза Шарипованы қарсы алыңыздар. Ол боксқа келмес бұрын су спорты, велоспортпен де шұғылданған екен. Көпшілік қазақстандық аруды модель ретінде де көргісі келетінін жасырмайды екен. "Спортпен бірге қатар алып жүрсе" дейді. Ол – Қазақстан біріншілігін бірнеше мәрте жеңіп алған, сондай-ақ Азия чемпионатында да үшінші тұғырдан көрінген.

 Спортшы Мәскеуде орналасқан «Бокс академиясында» жаттығады. Оның жеке бапкері – Ерік Алғабек.

Майк Тайсонмен жұмыс жасап, аты шыққан американдық жаттықтырушы Бадди МакГирт Шарипованы серіктес болуға шақырды. Бапкер қазақстандық боксшы қызды әлем чемпионы еткісі келеді. «Менің ойымша, оның деңгейі жоғары. Жастығына қарамай жақсы бокстаса біледі. Әлем чемпионы болуға оның мүмкіндіктері жеткілікті», – дейді МакГрит.

 Фируза әлеуметтік желіде отырғанды ұнатады. Ол өзінің жазылушылары мен табынушыларына әрқашан уақыт табады.

Шарипованың мұрны төрт рет сынғанына қарамастан, оның сымбатында мін жоқ. Жақында ол Флойд Майвезердің фотосессиясына қатысып үлгерді.

 Фируза тәтті тамақтанғанды және әзірлегенді ұнатады. Оның сөзінше, қырыққабаттан жасалған сорпаны дәмді дайындайды екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға