Финляндия Ресеймен шекарасына шеп орнатпақ
08.07.2022 04:43
Финляндия билігі елдің қауіпсіздігін нығайту үшін Ресеймен шекарада бөгеттер орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz.
ТАСС агенттігінің жазуынша, осы мақсатта шекара қызметіне қосымша қаржы бөлінеді.
Шептердің салынуы шекара қызметі туралы заңға енгізілген өзгерістерді пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін мигранттарды қабылдау орталықтандырылған түрде, арнайы белгіленген шекаралық өткізу пункттерінде іске асырылады.
5 шілдеде Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы хаттамаларға қол қойғаны белгілі болды. Бұл құжаттарды НАТО-ның 30 мүшесі ратификациялағаннан кейін екі ел де НАТО-ға қосылады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

