gizmeto

Финляндия Қытайға екі панданы қайтарып берді

Финляндия билігі қаржылық себептерге байланысты Қытайға екі алып панданы жоспардан бұрын қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Финляндияның Яхтяри хайуанаттар бағының басшылығы мұндай шешімге бірқатар фактор әсер еткенін атап өтті. Атап айтқанда, туристер санының азаюы, сондай-ақ Украинадағы соғыстың ықпалымен болған инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуі зообақтың қаржылық жағдайын қиындатқан.

Мәліметке сәйкес, Луми мен Пюрю есімді пандалар Финляндияда осы күздің соңына дейін болмақ. Одан кейін олар арнайы карантиндік кезеңнен өтіп, Қытайға жөнелтіледі.

Қытайдан әкелінген бұл пандалар Финляндияға 2018 жылы жеткізілген болатын. Алғашқы келісім бойынша олар елде 15 жыл өмір сүруі тиіс еді.