Жаңалықтар

Фин мектебінің құпиясы: неғұрлым аз оқысаң, соғұрлым көп білесің?

Фин мектептері әлем бойынша ең жоғарғы орындарда. Мұның сыры неде?
23.01.2015 06:08 11108

Фин мектебінің құпиясы: неғұрлым аз оқысаң, соғұрлым көп білесің?

PISA деп аталатын беделді ұйымның 3 жылда бір рет жүргізетін рейтінгісіне сәйкес, фин мектептері әлем бойынша өте жоғары білім көрсеткіштеріне қол жеткізген екен. Олар сондай-ақ әлемнің ең көп оқитын балалары атанған және жаратылыстану ғылыми бойынша 2-орын, соның ішінде математика пәні бойынша 5-орынды иеленеді екен.

Алайда әлемдік педагогикалық қауымдастықты таңғалдырғаны басқа нәрсе. Бір қызығы, осындай жоғары нәтижені көрсете отырып, фин оқушылары оқуға барынша аз уақыт бөледі, ал фин мемлекеті өздерінің сапалы, әрі тегін біліміне кейбір өзге елдерге қарағанда әлдеқайда аз қаражат жұмсайды.

Бұл парадокс жайт белгілі бір құпияның бар екенін меңзейтіндей және бұл құпияның сырын барлық елдің педагогтары білгісі келеді. Финдер болса, ешнәрсені жасырмай, өз тәжірибелерімен қуана-қуана бөлісіп отырады, өз елінде және шетелдерде семинарлар ұйымдастырады.

Фин мектебінің құпиясы: неғұрлым аз оқысаң, соғұрлым көп білесің?

Финляндиядағы жалпыға міндетті орта білім екі сатыдан тұрады: 

– төменгі (alakoulu), 1 мен 6 сынып аралығы;

– жоғарғы (yläkoulu), 7 мен 9 сынып аралығы.

Қосымша саналатын 10 сыныпта оқушылар өз көрсеткіштерін жақсарта алады. Одан соң балалар не кәсіби колледжге немесе лицейге жіберіледі. Лицей деп отырғанымыз – біздің түсінігіміздегі 11-12 сыныптар.

Фин мектебі оқушыға біртіндеп салмақ салуды көздейді және ауыр бағдарламаны меңгеру тек ерікті түрде жүзеге асырылады, ол үшін қабілеті бар және қатты білім алғысы келетін оқушылар «лукио» деңгейін таңдайды.

Финн орта білімінің 7 қағидаты

1. Теңдік:

– мектептердің теңдігі.

Ешқандай элиталық, ешқандай «әлсіз» мектеп жоқ. Елдегі ең ірі мектепте 960 оқушы білім алса, ең кішкентайында 11 бала оқиды. Құрал-жабдықтары және қаржыландырылуы бойынша барлығы бірдей мүмкіндіктерге ие. Мектептердің басым бөлігі – мемлекеттік, тек оншақты ғана жартылай жекеменшік мектеп бар. Жартылай жекеменшік мектептердің мемлекеттік мектептерден бар айырмашылығы сол, онда қосымша білім үшін ата-аналар ақы төлейді. Жеке мектептерге сондай-ақ ағылшын, неміс, француз тілдерін үйрететін мекемелер де жатады.

Осы уақытқа дейін финдерге мектеп таңдауға тиым салынған, ата-аналар балаларын «жақын» мектепке беруге міндетті болды. Бұл тиымды жақын арада алып тастады, дегенмен халық әлі де таяу мектепті таңдайды, себебі барлық мектеп бірдей.

– пәндердің теңдігі.

Бір пәнді өзге пән есебінен тереңдете оқыту дұрыс емес саналады. Мұнда математика өнер сабақтарын артық деген көзқарас жоқ. Керісінше, дарынды балаларға арналған сыныптарды жасақтауға бірден-бір себеп – балалардың сурет салуға, музыкаға және спортқа бейімділігі.

– ата-аналар теңдігі.

Ата-ананың әлеуметтік статусын мұғалім соңғы мезетте біледі, тек аса қажет болған жағдайда. Оқытушыларға ата-ананың жұмыс орны жөнінде сұрақ қоюға тиым салынған.

– оқушылардың теңдігі.

Финдер оқушыларды қабілеттері мен карьералық талғамдарына сай іріктеу жүргізбейді.

Сондай-ақ «жақсы» және «жаман»  оқушы деген болмайды. Оқушыларды өзара салыстыруға тиым салынған. Дарынды балалар да, ақыл-есі төмен балалар да «ерекше» саналады және бірге білім алады. Жалпы сыныптарда мүгедек арбасындағы оқушы да оқи алады. Қажет болған жағдайда қарапайым мектеп қабырғасында есту және көру қабілеті төмен оқушыларға арнайы сыныптар ұйымдастырылады. Финдер ерекше назарды қажет ететіндерді барынша қоғамға қосуға тырысады. Бұл елде әлсіз оқушы мен мықты оқушы арасындағы айырмашылық әлем бойынша салыстырсақ, өте төмен.

– мұғалімдер теңдігі.

«Сүйікті» не «жағымсыз» оқытушы жоқ. Мұғалімдер де ешбір баланы ерекшелеуге тырыспайды, мейлі ол үздік болсын, мейлі әлсіз болсын. Бір оқушыға басымдық беретін мұғалімдермен келісім-шарт бұзылады. Фин мұғалімдері бар-жоғы өз міндетін атқаруы тиіс, яғни олар тәлім-тәрбие, білім берумен шектеледі. Мектеп ұжымында барлық мұғалім бірдей маңызды. Мектеп үшін физика мұғалімі мен еңбек мұғалімінен ерекше емес.

– үлкен (мұғалім мен ата-ана) мен кішінің теңдігі.

Финдер бұл қағидатты «оқушыға құрметпен қарау» деп атайды. Балаларға бірінші сыныптан бастап олардың құқықтарын түсіндіреді. Оларға үлкендер тарапынан құқығы бұзылған жағдайда әлеуметтік қызметкерге арыздануға болатынын түсіндіреді. Бұл баланың кішкентайынан өз өзіне жауап беретін тұлға ретінде тәрбиеленуіне мүмкіндік береді және бұл жайт ата-аналарды қатты ынталандырады. Балаларды ұрмақ түгілі, сөзбен де ренжітуге болмайды. Педагогтардың балаларды кемсітуіне жол бермейтін тағы бір фактор бұл – финдердің еңбек заңдары. Оның басты ерекшелігі, мұғалімдер мектеппен тек 1 жылға келісім-шартқа отырады. Сондай-ақ, бұл елде мұғалімдер жақсы жалақы алады: пән мұғалімі 5 мың евроға дейін алады.

2. Тегіндігі: 

Оқудан бөлек тегін қызметтер:

– түскі ас

– экскурсия, музей аралау және сыныптан тыс іс-шаралар;

– мектеп таксиі (микроавтобус), егер ең жақын мектеп 2 шақырымнан артық жерде орналасқан болса баланы мектепке апарып-әкеледі

– оқулықтар, барлық кеңсе құралдары, калькулятор, тіпті ноутбук-планшеттер

Ешбір мақсатта ата-аналардан ақша жинауға болмайды.

Фин мектебінің құпиясы: неғұрлым аз оқысаң, соғұрлым көп білесің?

3. Оқушының даралығы:

Әрбір балаға жеке, арнайы оқу және даму жоспары жасақталады. Әрбір балаға арнайы жоспар құру кітапты, сыныптағы және үйге берілетін жаттығу санын, түсіндіруі әдістемесін  және тағы да басқа оқумен байланысты нәрселерді қамтиды.

Бір сыныпта оқығанына қарамастан, балалар әртүрлі қиындықтағы тапсырманы орындап отыруы мүмкін. Оларды бағалағанда да жеке қабілетіне сүйенеді. Егер бала өзінің алғашқы деңгейдегі тапсырмасын «өте жақсы» орындаса, келесі күні оған қиындау тапсырма беріледі, егер бала оны орындай алмаса, балаға ешнәрсе болмайды, ол қайтадан алғашқы деңгейде тапсырманы алады. 

4. Тиімділік:

Егер баланы емтиханға дайындаймыз ба, әлде өмірге дайындаймыз ба дейтіндей сұрақ туса финдер екінші нұсқаны таңдайды. Осы себепті финн мектептерінде емтихан жоқтың қасы. Бақылау және аралық тестілеу мұғалімнің ыңғайына байланысты жүргізіледі. Жалғыз міндетті тест бар, ол жалпы орта білімді бітіруге байланысты ұйымдастырылады. Соның өзінде мұғалімдер оның нәтижесіне бола алаңдамайды және ешкімнің алдында есеп бермейде, тіпті балаларды сол тестке арнайы дайындамайды да: бала қандай нәтиже көрсетсе де, сол нәтиже «жақсы» деп бағаланады.

Мектепте шынайы өмірге қажетті дүниелерді ғана үйретеді. Логарифм мен домендік пештің құрылымы балаға өмірінде қажет болмаса, оны оқытпайды. Есесіне мұндағы балалар кішкентайынан бастап портфолионың, келісім-шарттың, банк картасының не екенін біліп өседі. Мектепте жүріп-ақ, мұраға қалған дүниенің, болашақта табатын табысының салықтық пайызын есептей алады, Интернеттегі визитка-сайтты жасай алады, бірнеше реттік арзандатылған тауардың соңғы құнын шығара алады.

5. Сенім білдіру:

Біріншіден, оқушылар мен мұғалімдерді жоғары тұрған инстанция тексермейді, қалай оқыту қажеттігін сырттан үйрететін методист жоқ. Мемлекеттің білім беру бағдарламасы – бірыңғай, алайда ол көбіне ұсыныс күйінде берілген, әрбір педагог өзі қажет деп тапқан әдіс бойынша үйретуге құқылы.

Екіншіден, балаларға сенім білдіреді: сабақ барысында өзі қалаған нәрсемен айналысуға мүмкіндік бар. Мәселен, әдебиет сабағында танымдық фильм көрсетілуі мүмкін, егер балаға ол қызық болмаса, ол кітап оқи алады. Олардың ұстанымы бойынша, оқушы ненің пайдалы екенін өзі-ақ таңдай алады.

Бұл қағидатпен келесі екі қағидат тығыз байланыста.

6. Еріктілік:

Кім оқығысы келсе, сол оқиды. Педагогтар баланың назарын аулауға тырысады, ал егер оның қызығушылығы мүлдем болмаса немесе сол пәнге деген қабілеті болмаса, баланы болашақта оған қажет болатын және «аса қиын емес» мамандыққа бағдарлап, тоқтаусыз «екі» деген бағаны қоймайтын блады. Барлығы ұшақ құрастырмайды, автобус жүргізетін де адам қажет.

Осы тұрғыдан алғанда, орташа білімнің тағы бір міндеті – жас бала кейін оқуын лицейде жалғастыруы тиіс пе, әлде сол минималды білім деңгейі оның болашақ өмірі үшін жеткілікті ме, осыны анықтау. Атап өтерлік жайт, екі бала да қоғам тарапынан бірдей бағаланады, оқуын қуалаған да, сол деңгейімен белгілі бір кәсіпті таңдаған да.

Баланың қай салаға қызығушылығы бар екенін анықтау – арнайы мектеп маманы – «болашақ мұғалімінің» міндеті. Ол бұл істі әртүрлі тест өткізу, әңгімелесу арқылы орындайды.

Жалпы алғанда, фин мектебінде білім алу жеңіл, ыңғайлы, алайда бұл мектепті «қол сілтей қарауға» болатынын білдірмейді. Мектеп режимін бақылау міндетті. Бала қатыса алмаған сабақтарын, басқа уақытта міндеттіт түрде өтеді. Мәселен, мұғалім 6 сынып оқушысын сабақ арасындағы бос уақытта 2 сыныпқа отырғызып қойып, жіберіп алған сабағын өтейді. Егер кішкентай балаларға кедергі жасасаң, өткен сағатың саналмайды. Егер оқытушы берген тапсырманы орындамасаң, сабақ үстінде оқумен айналыспасаң, ешкім саған ұрыспайды, ата-анаңды шақыр деп қорқытпайды, кемсітпейді, тек келесі сыныпқа өткізбейді.    

Келесі жылға қалу Финляндияда аса бір ұят емес, әсіресе 9 сыныптан кейін қайта қалып жатсаң. Үлкен өмірге ұқыптылықпен асықпай дайындалу қажет, осы себепті фин мектептерінде қосымша 10 сынып бар.

7. Дербестік:

Финдердің пайымдауынша, мектеп балаға басты нәрсені үйретуі тиіс, яғни өзінің дербес болашағын жасай алу қабілетін қалыптастыру.

Сондықтан да мұнда дербес ойланып, өзіне қажетті білімді өз күшімен алуға үйретеді. Мұғалім жаңа тақырыптарды айтпайды, барлығы кітапта бар. Формула жаттау маңызды емес, маңыздысы: анықтаманы, мәтінді, Интернетті, калькуляторды пайдалана білу және ағымдағы мәселені шешу үшін қажетті ресурстарды тарта білу.

Сондай-ақ мектеп педагогтары балалар арасындағы шиеленіске араласпауға тырысады, осылайша олар балалардың өз мәселесін өз күшімен шешуге үйрете отырып, баланы үлкен өмірге жан-жақты дайындайды. Кейін өскен кезде әр бала өз өзін қорғай алатын болады.

Фин мектебінің құпиясы: неғұрлым аз оқысаң, соғұрлым көп білесің?

Фин мектептеріндегі оқу процесі қалай ұйымдастырылған?

Барлық мектеп «бірдей» болғанымен, оқу процесі әрқалай ұйымдастырылған.

1. Қашан және қанша уақыт оқимыз?

Финляндияда оқу жылы тамыз айының 8 мен 16 күндері аралығында басталады. Бірыңғай күн жоқ. Сөйтіп мамыр аяқталады. Күзгі жартыжылдықта 3-4 күндік күзгі демалыс және 2 апталық Рождество демалысы. Көктемгі жартыжылдықта ақпан айында бір апта (шаңғы демалысы деп те аталады, себебі бұл күндері көптеген фин отбасылары шаңғы тебуге барады) және Пасха мейрамында бір апта демалыс.

Аптасына бес күн сабақ. Жұма күні сабақ тез аяқталады.

2. Не оқимыз?

1–2 сыныптар.:

Ана тілі (фин тілі) және оқу, математика, табиғаттану, дін (діни нанымы бойынша) немесе дінге қызықпайтындарға өміртану; музыка, бейнелеу өнері, еңбек және дене шынықтыру оқытылады. Бір сабақта бірнеше пән оқытылуы мүмкін.

3–6 сыныптар:

Ағылшын тілін оқыту басталады. 4 сыныпта – тағы бір шет тілі қосылады, оқушының таңдауына байланысты: француз, швед, неміс немесе орыс тілдері. Таңдау бойынша қосымша пәндер енгізіледі, әр мектепте әрқалай: клавиатурада тез басып үйрену, компьютерлік сауаттылық, ағашпен жұмыс істеу, хормен ән айту және т.б. Барлық мектептерде қосымша пән ретінде музыкалық инструменттерде ойнау бар. 9 жыл ішінде балалар көптеген инструментте ойнап көріп, өз қабілетін анықтайды.

5 сыныпта биология, география, физика, химия және тарих пәндері қосылады. 1 мен 6 сынып аралығында бір мұғалім барлық дерлік сабақты өзі өткізеді. Дене шынықтыру сабағында аптасына 1-3 рет кез келген спорттық ойын ойналады, спорт түрі мектепке байланысты. Сабақтан кейін душқа кіру міндетті. Біздің түсінігіміздегі әдебиет пәні оқу деп аталады және ол өзгеше оқытылады. Пән мұғалімдері тек 7 сыныптан қосылады.

7-9 сыныптар:

Фин тілі және әдебиеті (оқу сабағы), швед, ағылшын, математика, биология, география, физика, химия, денсаулық негіздері, дін (немесе өміртану), музыка, бейнелеу өнері, таңдау пәні және еңбек. Бұлардың бәрінде бала мен қыз бірге оқи береді. Барлығы бірдей сорпа жасауды үйренеді. 9 сыныпта аптасына екі реет «еңбек өмірімен» танысады. Оқушылар өздеріне кез келген «жұмыс орнын» тауып алады да, қуана-қуана сол жерге барып жүреді.

3. Бағалау кімге керек?

Орта білім жүйесінде 10 ұпайлық жүйе қабылданған, бірақ 7 сыныпқа дейін ауызша бағалау қолданылады:

В стране принята 10-балльная система, но до 7-го класса применяется словесная оценка: орташа, қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы. 1 мен 3 сынып аралығында ешқандай баға қойылмайды.

Барлық мектептер «Wilma» деп аталатын мемлекеттік электронды жүйеге қосылған және оны ата-аналар өз ыңғайына сай пайдалана алады. Педагогтар қойған бағасын және оқушы туралы өзге де ақпараттарды сол жүйеге салып қояды; психолог, әлеуметтік жұмысшы, «болашақ мұғалімі», фельдшер – барлығы да дәл солай қажетті ақпараттарды ата-анаға осы жүйе арқылы беріп отырады.

Бағалау тек оқушыға қажет деп қарастырылады. Яғни оқушы осы баға арқылы ынталанып, өзіне жоғары мақсаттар қоя алады. Баға мектептің, оқытушының, ауданның рейтингісіне еш әсер етпейді.

Фин мектебінің құпиясы: неғұрлым аз оқысаң, соғұрлым көп білесің?

Мектептік өмірдің өзге де жайттары: 

– мектептердің территориялары қоршалмаған, кіреберісте күзет жоқ. Мектептердің басым көпшілігінде кіреберіс есікте автоматты құлып жүйесі жұмыс істейді, мектептің ішіне сабақ кестесі бойынша ғана кіруге болады.

– балалар партада отыруға міндетті емес, олар еденге (кілем үстінде) жайғаса алады.Кей мектептерде сынып ішінде дивандар мен креслолар қойылған. Бастауыш сыныптарда кілемдер міндетті түрде төселеді.

– мектеп формасына қатысты ешқандай талап жоқ, оқушылар қалаған киімімен келе алады. Ауыстырмалы аяқ киім талап етіледі, алайда бастауыш және орта сынып оқушылары негізінен аяқ-киімсіз жүре береді мектеп ішінде.

– ауа райы жылы кезде сабақтар таза ауада өткізіледі: шөп үстінде немесе арнайы амфитеатрларда. Үзіліс кезінде бастауыш сынып оқушыларын міндетті түрде таза ауаға шығарады, мейлі 10-ақ минут болса да.

– үй тапсырмасы сирек беріледі. Бала демалуы керек. Сондай-ақ, ата-аналар да балаларының тапсырма орындауына араласпауы тиіс, педагогтардың кеңесі бойынша, одан да олар баласымен бірге музейге, орманға немесе бассейнге барғаны жөн.

– «тақтаға шығарып» үйрету қолданылмайды, яғни балаларды оқыған нәрсесін қайталап айтып беруге міндеттемейді. Мұғалім бәріне тапсырма береді де, оқушылар арасында жүріп сол тапсырманың қалай орындалып жатқанын қадағалайды. Дәл осымен мұғалімнің көмекшісі де айналысады (финн мектептерінде осындай да қызмет бар).

– дәптерлерге қаламмен жазуға және оны шексіз өшіруге рұқсат етілген. Тіпті мұғалім де баланың тапсырмасын қаламмен тексере береді.

Қысқаша мазмұнда фин орта мектебінің көрінісі – осы. Бәлкім біреулер үшін бұл жүйе дұрыс емес болып көрінетін шығар. Алайда финдер идеал болуға талпынбайды және осы жеткен жетістігінде тоқтап қалмай, әлі де болса шешілмеген мәселелерін шешуге тырысады. Олар өз мектептерінің қоғам өзгерістеріне қаншалықты сай екендігін ылғи зерттеп отырады. Мәселен, дәл қазір математиканы алгебра мен геометрияға бөліп, пән сағаттарын көбейту жөнінде және әдебиет пен қоғамдық ғылымдарды жеке пән ретінде бөліп оқыту жөнінде реформа әзірленуде.

Ең бастысы финн мектептері оқушыға қажетті ең негізгі дүниені қамтамасыз ете алды. Ол елде балалар тезірек өсіп кетсем деп армандамайды, мектепті жек көрмейді, емтиханға дайындалам деп күйзеліске түспейді. Салмақты, ақылды және бақытты балалар. Олар ағылшын тіліндегі кітаптарды оқып, фильмдерді аудармасыз көре алады. Компьютер ойындарын ойнайды, ролик тебеді, велосипедпен қыдырады, музыка шығарады, театрлық пьесалар жазады, ән айтады. Олар өмірге қуанады. Сөйте тұра сапалы білім алып та үлгереді.

Мақаланың қайнар көзі: terve.su 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға