«FIN IQ» республикалық диктантының жеңімпаздары марапатталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізген «Fin IQ» республикалық диктантының Қызылорда облысы бойынша он үздік қатысушысы марапатталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған диктантқа еліміз бойынша 2 млн 800 мыңнан астам адам қатысса, оның 105 мыңнан астамы – қызылордалық. Студенттер, зейнеткерлер мен түрлі сала өкілдері ауқымды науқан барысында белсенділік танытып, қаржылық сауаттылықтарын тексерді. Нәтижесінде бес мектеп оқушысы, екі студент, екі қаржылық мониторинг субъектісінің өкілі және бір азамат жеңімпаз атанды.
Бұған қоса, мерекелік кеште департаменттің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Гүлназ Сағындықоваға «Мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі ведомстволық медалі табысталды. Бірнеше департамент қызметкері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

